“Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну- өмірге қауіп төндіретін сирек ауру” тақырыбындағы конференция

2022 жылғы 2 желтоқсанда Қалалық көпбейінді аурухана базасында аллерголог дәрігер Жұлдыз Мұратхановна Қарабаеваның бастамасымен “Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну- өмірге қауіп төндіретін сирек ауру” тақырыбында конференция өтті.
Тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну -бұл сирек кездесетін, өмірге қауіп төндіретін ауру, ол бастапқы иммун тапшылығы тобына жатады. Мұның себебі-комплемент жүйесінің С1 ингибиторының жалпы деңгейінің жеткіліксіздігі немесе функционалдық белсенділігінің төмендеуі. Мұндай науқастардың өмірі қорқынышқа толы. Себебі олар ісінудің қай күні және қашан басталатынын, аурудың келесі шабуылының қашан дөп беретінін білмейді.
Дәрігерлердің хабардарлығына қарамастан, тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісіну осы уақытқа дейін педиатрияда да, ересектердің клиникалық тәжірибесінде де маңызды мәселе болып қала береді, көбінесе басқа аурулардың астарында жасырылады. Өмірге қауіп төндіретін терінің, шырышты қабаттардың және шырышасты қабаттардың ісінуінің қайталанатын эпизодтары өлімге әкелуі мүмкін. Әлемдік тәжірибеден алынған клиникалық бақылаулар тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінудің әртүрлі клиникалық көріністерін көрсетеді, олар бір жағынан әртүрлі оқшаулануды көрсетеді, екінші жағынан басқа аурулардың белгілерімен бірдей (поллиноз, пиелонефрит, цистит және т.б.).
Анамнезді мұқият жинау және объективті деректерді талдау тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінудің негізгі белгілерін анықтауға, уақтылы диагноз қоюға, оны С1-эстераз ингибиторының концентрациясы мен белсенділігін зерттеумен растауға, пациент пен оның туыстарында генетикалық зерттеулер жүргізуге көмектеседі. Уақтылы диагноз қою және Цинрайз және C1-эстераз ингибиторы сияқты препараттармен адекватты терапия жасау өлімге әкеліп соқтырмайды және тұқым қуалайтын ангионевротикалық ісінуі бар науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.