Бос лауазымға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілікке қойылатын талаптар.
Жоғары медициналық білім, тиісті мамандық бойынша маман сертификаты.
Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты жүргізу тактикасын, оны тексеру жоспарын анықтайды. Клиникалық бақылау және тексеру, анамнез жинау, Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулер мәліметтері негізінде диагнозды белгілейді (растайды). Емдеуді тағайындайды және бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және алдын алу процедуралары мен іс – шараларын ұйымдастырады немесе дербес жүргізеді, науқастың жағдайына және диагностика мен емдеу саласындағы мүмкіндіктерінің болуына сәйкес кез келген емдеу-диагностикалық іс-шараларды (бұрын ординатордың өзі тағайындаған) тағайындайды және жояды. Пациентті емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ пайдаланылатын медициналық мақсаттағы құралдар мен бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді. Күнделікті науқасқа тексеру жүргізеді. Пациенттің жағдайына байланысты емдеу жоспарына өзгерістер енгізеді және тексерудің қосымша әдістерінің қажеттілігін анықтайды. Диагностикалық және емдеу процедураларының дұрыс жүргізілуін, құрал-саймандардың, аппаратуралардың пайдаланылуын бақылайды. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Өз мамандығы шеңберінде басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне консультациялық көмек көрсетеді. Емдеу, оңалту мәселелері бойынша басқа мамандармен және қызметтермен ынтымақтасады. Ауруларды емдеу мен алдын алудың заманауи әдістерін практикаға енгізеді. Бөлімше меңгерушісіне, ал ол болмаған жағдайда — тікелей аурухананың бас дәрігерінің медициналық бөлім жөніндегі орынбасарына (немесе бас дәрігерге) науқастың денсаулық жағдайындағы өміріне қауіп төндіретін өзгерістер туралы, өлімнің барлық жағдайлары туралы, медициналық персонал немесе науқастар тарапынан ішкі тәртіп және еңбек тәртібі ережелерін өрескел бұзушылықтар туралы баяндайды. Науқастың туыстары жеке жүгінген кезде дәрігерлік құпияны сақтау қағидаларын ескере отырып, психикалық жарақаттан аулақ (ауыр болжам болған жағдайда) пациенттің жағдайы туралы хабарлайды. Оған бағынысты орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық құжаттарды жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Халықты санитарлық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңы, Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер, еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама негіздері, бейін бойынша қызметтерді ұйымдастырудың жалпы мәселелері, аурулардың халықаралық және отандық жіктемесінің негіздері, медициналық сақтандыру негіздері, халық денсаулығының статистикасы, денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.