Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көпбейінді  аурухана»  ШЖҚ МКК “Пациентті қолдау  және ішкі бақылау” бөлімі құрылған.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау бөлімінің негізгі жұмыс бағыттары:

  1. Сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындаған кезде және 5 күннен аспайтын мерзімде шешу;
  2. Еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану жағдайы мен тиімділігін бағалау;
  3. Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларын денсаулық сақтаудың белгіленген стандарттарына сәйкестігін бағалау (ретроспективті талдау) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
  4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау “;
  5. Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған және медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Сіз «Пациентті қолдау және ішкі бақылау» бөліміне өтініш беруге құқылысыз, егер:

  • көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаныз;
  • медициналық қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасына;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақша алу фактілері кездессе;
  • медициналық көмек көрсету тәртібіне қатысты проблемалық мәселелер туындаған жағдайда.

Сондай-ақ, сізге ыңғайлы болу үшін біз «Пациентті қолдау және ішкі бақылау» қызметіне хабарласудың бірнеше басқа жолдарын ұсынамыз:

Сіз:

  • бірінші қабатта орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне толық аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (ұялы телефон және үй телефоны, тұрғылықты мекен-жайын) көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыра аласыз.
  • өтінішті біздің сайтта қалдыра аласыз: https://gmbtaraz.kz/
  • хабарлама қалдыру үшін 8(7262)54-07-23 телефонына қоңырау шала аласыз.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау бөлімі Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде қарап, жауап береді.

“Пациентті қолдау және ішкі бақылау” кабинеті аурухананың 3 қабатында орналасқан,

телефон нөмірі 8(7262)540723 – Бекебаева Айман Кенжебекқызы, бас дәрігердің ішкі бақылау жөніндегі орынбасары.

Азаматтарды жеке сұрақпен қабылдау уақыттары:

Бас дәрігер: дүйсенбі, сәрсенбі 15.00 – 17.00

Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары: 15.00 – 17.00

Бас дәрігердің хирургиялық ісі жөніндегі орынбасары: 15.00 – 17.00

Бас дәрігердің экономикалық, әкімшілік және шаруашылық  қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары: 15.00 – 17.00

Электрондық  пошта: gmb.taraz@mail.ru