2022 жылдан бастап МӘМС-ке бөлінетін жарналар мен аударымдар көлемі өзгереді
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады. Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар – ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді. БЖТ: қала тұрғындары үшін – 1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды. МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады? Жарнаны: – екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы; – Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы; – «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы; – төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы; – медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді: ü Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз) ü egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде) ü Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау») ü Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау») өзіңізге ыңғайлы тәсілде тексеріп отыруды ұмытпаңыз!
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/2022-zhyldan-bastap-mams-ke-bolinetin-zharnalar-men-audarymdar-kolemi-ozgeredi_a3877402