Емделушіге арналған жаднама

Құрметті емделуші,

Стационарға қабылданған соң №1 қалалық ауруханасының  жұмыс тәртібімен, белгіленген күн тәртібімен танысыңыз және   ем барынша тиімді болуы үшін  стационарлық ем қабылдау кезінде  оны қатаң сақтаңыз.

Ауруханаға жатқызу кезінде  емделушінің  жеке басын куәландыратын құжаты, белгіленген үлгідегі  дәрігердің жолдамасы (ауруханаға жоспарлы  қабылдау кезінде),    тексеруден өткен болса, зерттеу қорытындылары болуы тиіс.

Стационарда киім үлгісі еркін, бірақ  міндетті түрде екінші аяқ-киім болуы шарт.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес  аурухананың үй-жайларында темекі шегуге тыйым салынады. Егер оны бұзған  жағдайда,  емделуші стационардан  мерзімінен бұрын шығарылады және ҚР заңнамаларында белгіленген  көлемде айыппұл төлеуге міндетті.

Емделуші  бөлім тәртібін  сақтауға, таңертеңгілік ас және түскі тамақтан кейін  палатада болуға   міндетті, себебі   сол кезде  дәрігерлік тексеру болады  және дәрігердің тағайындаулары орындалады.

Емделуші бөлімнен өз бетімен  кетіп қалған,  күн тәртібі және аурухана тәртібін орындамаған жағдайларда  аурухана тәртібін бұзғаны үшін  ауруханадан шығарылып,  ол туралы еңбекке жарамсыздық парағына  жазылады.

Емделуші үшін тыныштық пен тынығу –  ем нәтижесіне  оң әсер ететін факторлар екенін есте сақтаңыз.

Тынығу уақыты  сағ. 15.00-17.00.

Түнгі ұйқыға жату сағ.22.00.

Тынығу уақытында емделуші өзінің палатасында болуы тиіс. Палатадан палатаға баруға, қатты сөйлесуге  тыйым салынады.

Емделушіге туған-туыстары   жолығу уақыты:

сағ. 12.00-14.00;  17.00-19.00

Емделушіге келушілер  сырт киімін  киім ілетін орынға  (Әл-Фараби көшесі жағынан) тапсыруы және стационарға  халат жамылып кіруі тиіс.  Емделушіге келушілерге науқастың төсегіне отыруға  тыйым салынады.

Емделушілерге ішімдік ішуге    тыйым салынады.  Бағалы заттарды палатада сақтауға  болмайды (олар жоғалған жағдайда медицина қызметкерлері жауап бермейді).

Сіздің денсаулығыңызға қамқорлықпен!