“Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 450 бұйрығын орындау үшін – «Алматы-2020» қаланы дамыту бағдарламасы аясында клиникада “Emergency room” халықаралық стандарттарына сәйкес қабылдау бөлімшесінің дәрігерлерін “жедел және шұғыл көмек көрсету” мамандығына қайта даярлау туралы медициналық көмек көрсету жобасын жетілдіру жалғастырылды. “Emergency room” пациентке бағдарлау және мультитәртіптік көмек көрсету қағидалары негізінде жұмыс істейді.
Emergency room бірыңғай өрісіне келіп түскен пациентті бір уақытта қарап-тексеруге дайын барлық клиникалық мамандар орналасқан. Толық тексеруден өтіп жатқан пациенттер медицина қызметкерлерінің назарында және медициналық қызметкерлер пациенттерге қолжетімді жерде болады. Фронт-офиске шығатын дабыл түймелері де орнатылған.
Емделушінің туыстарына арналған емделушіге медициналық көмек көрсетуді қашықтықтан бақылау мүмкіндігі бар жайлылық және сенім аймағы құрылды. Бұл жерде келушілер зерттеу нәтижелері мен қабылданған шешімдерді күтеді.
Ресурстарды ұтымды пайдалану және медицина қызметкерлерінің уақытын үнемдеу мақсатында кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізілді.
Штрих-коды және штрих-код сканері бар электрондық білезіктерді қолдана отырып, пациенттерді триаж-сұрыптау жүргізіледі, бұл науқастарды сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Фронт-офиске жақын жерде LED-экран орнатылған, онда кезекші бригаданың аты-жөні, бейіні мен телефоны көрсетілген, бөлімше меңгерушілері мен ішкі аудит қызметінің қызметкерлерінің координаттары көрсетілген жүгіртпе жол, сақтандыру медицинасы, әлеуметтік маңызы бар аурулар туралы роликтер көрсетіледі.
Сондай-ақ диагностика және емдеу хаттамаларымен бекітілген медициналық ақпараттық жүйесіне кіру мүмкіндігі бар аурухана паспорты және клиниканың қызметкерлері туралы ақпарат енгізілген планшет орнатылған.
Разахов Нурманжан Сатыбалдыұлы – қабылдау бөлімінің меңгерушісі
Бөлімше нөмірі: 8(7262)540780