Алғаш рет 1980 жылы Жамбыл қаласындағы қалалық аурухана базасында жарақат пункті ашылды. Жарақат пунктінің меңгерушісі Пешеков А.О. тағайындалды. Онымен сол кезде травматолог-дәрігерлер Сандыбаев М.А. Цой Г.Е. Спамбетов М.М. жұмыс жасады.
2002 жылдан – 2022 жылға дейін жарақат пунктінің меңгерушісі қызметін жоғары санатты травматолог-дәрігер Шаюнусов Олег Халилович атқарды.
Жарақат пунктінің травматолог-дәрігерлері Раздыков Н.Н., Мамутов А.Р., Салиев Д.Т., Дурсунов Б.Н. қызмет етеді. Сондай-ақ аға медбике басқаратын орта және кіші медицина қызметкерлері бар. Жарақат пункті Тараз қаласының тұрғындарына да, Жамбыл облысы аудандарының тұрғындарына зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Жарақат пункт Қалалық көп бейінді ауруханасының құрамына кіреді және тәулік бойы, мереке және демалыс күндерісіз, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше болып табылады.
Қажет болған жағдайда жарақат пункті хирургтардың, нейрохирургтердің, жақ-бет хирургия дәрігерлерінің, урологтардың, комбустиологтардың, терапевттердің және невропатологтардың кеңесіне жүгінеді. Жарақат пунктінің қызметкерлері аурухананың травматология бөлімшесімен тығыз байланыста жұмыс істейді, күндізгі стационар бөлімшесінде де металл конструкциялары қолданылатын операциялар жасалып, жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді. Жарақат пунктінің дәрігерлері тәуліктің немесе түннің кез келген уақытында, әсіресе, жаппай жол-көлік оқиғалары кезінде көмек көрсетуге дайын.
Дәрігерлер сонымен қатар диагностикалық бөлімшесімен тығыз байланыста жұмыс істейді, олардың қарамағында УДЗ, КТ, МРТ заманауи диагностикалық әдістері бар. Жарақат пунктінде – ҚР ДСМ №267 Бұйрығына сәйкес «Құтырудың» алдын алуға арналған екпе кабинеті бар. БАҚ, телерадио ұйымдарында жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады.
Жарақат пунктінің меңгерушісі – Абдыраимов Нұржан Оразұлы
Телефон нөмірі: 8(7262)540683