Терапия бөлімі 1960 жылдан бастап Жедел жәрдем ауруханасы құрамынан бері жұмыс істейді. Бөлім персоналдың кәсіби шеберлігін ұштастыра отырып, стандартты талаптарды қолдану негізінде медициналық қызмет көрсету арқылы қала және оған жақын орналасқан ауыл-аймақтарға, аудан тұрғындарына тәулік бойына сапалы, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді.
Қазіргі уақытта бөлімше меңгерушісі – дәрігер-терапевт, жоғары санатты токсиколог-дәрігер Жайпанов Жұмабай Жүндібайұлы. Қызмет еткен жылдар ішінде терапия бөлімшесі Қазақстанның емханаларында жұмыс істейтін көптеген тамаша дәрігер-резиденттерді тәрбиелеп шығарды. 1997 жылы терапия бөлімшесі негізінде 10 токсикологиялық төсек ашылды. Содан бері науқастарға токсикологиялық көмек көрсетіліп келеді.
2017 жылдан бастап терапия бөлімшесі кардиология бөлімшесімен біріктіріліп, Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарына терапия, кардиология сонымен қатар токсикология бойынша көпсалалы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін Жалпы терапия бөлімшесі болып құрылды.
Бүгінгі таңда жалпы терапия бөлімшесі 40 төсек-орынмен жабдықталған, оның ішінде 20 төсек-орын терапевтік, 15-і кардиологиялық және 5-у токсикологиялық профильді төсек-орындар. Жалпы терапия бөлімшесі емдеудің соңғы әдістерін тәжірибеге енгізуде жаңашыл ретінде облыста кеңінен танымал.

Бөлімше меңгерушісі Жайпанов Жұмабай Жүндібайұлының жетекшілігімен бөлімшеде жоғары санатты дәрігер-ординаторлар мен медбикелерден құралған тұтас армия бар.
Жайпанов Жұмабай Жүндібайұлы – жоғары санатты дәрігер, терапевт-токсиколог, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (201Зж) орденімен марапатталған. Ұлттық кардиохирургия және кардиология ғылыми орталығында «Детоксикацияның экстрокорпоральды әдістері» біліктілігін арттыру курсынан өткен.
Жалпы терапия бөлімінің дәрігерлері:
Садвакасова Рая Сакеновна – жоғары санатты терапевт дәрігер
Медетова Лаура Бақытқызы – жоғары санатты кардиолог дәрігер. EHOKS зерттеу әдісіне иелік етеді. Функционалды диагностика және эхокардиография.
Манапбаева Айжан Әлімбекқызы – жоғары санатты кардиолог дәрігер. 2010 жылы Литва елі, Каунас қаласында «Кардиологияның таңдаулы мәселелері» біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Бөлекбаева Гаухар Жұмабекқызы – жоғары санатты терапевт.
Балсариева Динара Темірханқызы – кардиолог дәрігер.
Бөлімше телефон нөмірі: 87262540786