Урологиялық бөлімше 1974 жылғы 2 қаңтардан бастап жұмыс істейді, 2013 жылы 64 төсектен 50 төсекке қайта бейіндеу жүргізілді, 2015 жылғы қаңтардан бастап бөлімше 50 төсекке арналған жұмыс істейді. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап төсек қорын оңтайландыруға байланысты урология бөлімшесі 37 төсек-орынға арналған.

Бөлімше қала және облыс науқастарына шұғыл және жоспарлы , сондай – ақ консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Бөлімшеде 37 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 6 дәрігер, орта буынды медициналық қызметкерлері -16, кіші буынды медицина қызметкерлері -15.

Урология бөлімінің меңгерушісі Елубаев Қуаныш Керімбекұлы. Жоғары санатты дәрігер. Еңбек өтілі-15 жыл.

Бөлімше қызметкерлерінің санаттылығы 70% құрады, оның ішінде:

дәрігерлер-83%. Кіші буынды медицина қызметкерлері – 75%. 100% қызметкерлер біліктілігін арттырумен қамтылған.

“Болашақ” бағдарламасы бойынша уролог дәрігер Асаналиев Нүркен Өмірсейітұлы Оңтүстік Кореяда “Урология” циклі бойынша 3 ай бойы тағылымдамадан өтті;

Бейнеэндоскопиялық кешенді сатып алумен аз инвазивті операциялық араласулар жүргізілуде.

Соңғы жылдары инновациялық технологиялар енгізіліп, эндоскопиялық операциялардың жаңа түрлері енгізілді:

  • Трансуретральды резекция қуық асты безінің гиперплазиясы;
  • Несепағар конкременттерінің уретроэндолитоэкстракциясы;
  • Несепағар конкрементінің эндолиптотрипсиясы;
  • Қуық конкрементінің трансуретроцистолитотрепсиясы;
  • Лапароскопиялық кистоэктомия, нефроэктомия.

2020 жылы хирургиялық бейін дәрігерлерімен 768 ота жасалды, оның ішінде эндоскопиялық-542, хирургиялық белсенділік — 73% құрады.

Бөлімшеде 2021 жылы “Шторц” фирмасының Байланыс – лазерлік литотриптері, Уретрореноскопы – медициналық жабдықтары сатып алынды.

Жоспарда операциялардың келесі түрлері ұлғайтылуда:

  • Лапароскопиялық нефроэтомия;
  • ВАП лапароскопиялық түзету;
  • Лапароскопиялық уретролитотомия;
  • Жаңа аз инвазивті технологияларды енгізу:
  • Перкутанной нефростомии;
  • ЭУВЛ
  • МВП конкременттерін қашықтықтан литотрипсиялау операцияларын жүргізу.

Елубаев Куаныш Керимжанович – урология бөлімшесінің меңгерушісі

Бөлімше телефон нөмірі: 8(7262)540696