“SNUNLI эндопротезімен тізе буынын толық эндопротездеу” тақырыбында мастер класс

2022 жылғы 26 қарашада қалалық көпбейінді ауруханасы базасында травматология бөлімінде Мәскеу қаласының РУДН Травматология және ортопедия кафедрасының доценті Денис Владимирович Римашевскийдің қатысуымен “SNUNLI эндопротезімен тізе буынын толық эндопротездеу” тақырыбында мастер класс өтті. Бұл әдіс ортопедиядағы соңғы жетістіктердің бірі болып табылады. Операция тізе тақылжырының (коленная чашка) үстін кішкене кесу арқылы жасалады, сонымен қатар жараның ерте жазылуына, ерте қалпына келуіне ықпал етеді. Осы отадан кейін ауырсыну синдромының толық жойылуы және қалыпты, белсенді өмір сүру мүмкіндігінің жоғарылауы күтіледі. Эндопротездің жаңа түрі және оның компоненттері, әсіресе полимерлі тығыздағыш көптеген жылдарға шыдап береді. Осы отадан кейін науқасты ерте уақытта белсендіруге рұқсат етіледі.