Оториноларингологиялық бөлімше 1970 жылдан бері жұмыс істейді. Бөлімшенің алғашқы меңгерушісі дәрігер Шаюнусов Халил Атаханович. 1977-1982 жылдар аралығында бөлімше меңгерушісі болып Серікбаев Әбдіқадыр Тынықбайұлы қызмет етті. Оның басшылығымен бөлімшеде келесі дәрігерлер жұмыс істеді: Гатин Р.С., Ниязов М.М., Ваулина В.М., Карибаев Б.У.
Облысымызда ең білікті, танымал ЛОР-дәрігерлердің бірі Кученев Юрий Алексеевич осы бөлімшеде қызмет еткен. Ол 1972 жылдан бастап бөлімшеде жұмыс істеді, ал 1982-1996 жылдар аралығында бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Әр жылдары бөлімше меңгерушісі болып қызмет еткен дәрігерлер: 1996-1997жж.- Карибаев Б.У.; 1997-1998жж. – Гатин Р.С.; 1999-2009 жж. – Байрамов Ш.Б.; 2009-2015жж. – Дүйсембаев Б.Т. 2015 жылдан бастап қазіргі таңға дейін бөлімше меңгерушісі – Байрамов Шахлар Бахыш-оглы.
Бөлімшеде келесі дәрігерлер жұмыс істейді: Хидиров Л.М., Туленбаев К.А., Ширимбаев Е.А., Хусеин-оглы Х.А., Есенов А.К., Гатин Р.С.
Қазіргі таңда ЛОР бөлімшеде 15 стационарлық төсек-орны, сонымен қатар күндізгі стационарда ЛОР төсек-орындары бар.
Бөлімше Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарына тәулік бойы шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімшеде жыл сайын ЛОР органдарына 1200-1300 операция жасалады. Бөлімшеде операциялардың келесі түрлері орындалады: ортаңғы құлақ бөлігін тазалау операциясы; мастоидотомия; гайморотомия, фронтотомия, этмоидотомия; мұрын қалқасына шырыш асты тілу жасау, вазоконхотомия, полипотомия, тонзилоэктомия, мұрын қалқасы сүйектерінің репозициясы, трахеостомия, лор органдарынан бөгде денелерді шығару.
Бөлімшеде ЛОР-комбайны бар. Бұл көп функциялы оториноларингологиялық кешеннің көмегімен емделушілерге көп бейінді медциналық көмек көрсетіледі.
ЛОР бөлімшенің дәрігерлері өз біліктіліктерін Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының атақты клиникаларында үздіксіз жетілдіріп отырады.
Жақын арада есту қабілетін арттыратын тимпанопластика операциясын енгізу жоспарлануда.
Бөлім меңгерушісі – Туленбаева Қанат Абильдаевич
Бөлімше нөмірі: 8(7262)54-07-74