“Мектепке жол” акциясы
2022 жыл – Балалар жылы. Осыған орай «Балалар жылына» арналған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Қалалық көп бейінді аурухана әкімшілігі кәсіподақ комитетімен бірлесе жұмыскерлердің биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 93 бүлдіршіндерін құттықтады. Мекеме басшысы балаларымыздың амандығы, денсаулығы, бақытты балалық шағы біздің жалпыұлттық міндетіміз екенін, мектеп партасында отырған әрбір баланы білімді, дарынды, өнерлі, интеллектуалды етіп тәрбиелеу күн тәртібінен түспеуі керектігін айта келе, болашақ оқушыларымыздың ата-аналарына оқуға қажетті концелярлық тауарлар мен мектеп сөмкелерін тапсырды.
Оған қосымша мекеме атынан «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларының 8 баласына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында мектепке қажетті спорттық костюмдер, аяқ-киімдер, канцелярлық тауарлар мен сөмкелер табысталды.