Мастер класс
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Академик Н.Д. Батпенов атындағы «Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының” ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҰҒТОО) Қазақстан Республикасындағы жарақаттану көрсеткіштерін бақылайтын, сондай-ақ “Жарақаттану кезінде көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу», “2021 жылға арналған мамандандырылған медициналық көмекті өңірлендіру” бойынша Жол карталарын орындалуын бақылайтын республикалық ұйым болып табылады.
Сондай-ақ, ҰҒТОО облыстар мен қалалардың травматолог-терапевтеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Осы мақсатта мамандар Тараз қаласына “Омыртқа жарақаттарын хирургиялық емдеу” тақырыбы бойынша шебер-класстар, дәріс, талқылау және консилиумдар өткізу үшін шыққан.
28 қыркүйекте қалалық көпбейінді аурухана базасында Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының омыртқа хирургиясы бөлімінің меңгерушісі м.ғ.к. Мұрат Өмірханұлы Байдарбековтың басшылығымен ота жасау шебер-класы өткізілді. Жүргізілген оталар: омыртқаның сынуы кезінде тері арқылы транспедикулярлық бекіту, омыртқаның сынуы кезінде балоннаякифапластика, омыртқаның асқынбаған травматикалық сынуы бар пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ҰҒТОО ШЖҚ РМК Жамбыл облысында орын алған жарылыстан кейін пациенттердің жүгінулері кезеңінде ЖОӘДСБ ҚКБА-на қолдау көрсеткенін атап өткен артық болмас. Телеконсультациялар өткізілді, барлық кеңес беру мақсатындағы тексерулерді онлайн режимде көрсетті және жағдайы ауыр науқастарды ауруханаға жатқызу үшін өздеріне алды.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысымен, ҚКБА бас дәрігері Абильдаев Нурлан Шадихановичпен , ҚКБА травматолог дәрігерімен және ҰҒТОО өкілі – Ыдырышова Әсима Елубекқызымен (жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің меңгерушісі) травматология бойынша резиденттердің академиялық ұтқырлығы мен дайындығы бойынша ахуалдық орталық құру мәселесі талқыланды.