Қалалық көп бейінді ауруханасының Күндізгі стационары 01.11.2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің N277 ішкі бұйрығымен 10 төсектік орнымен физиотерапия бөлімшесі болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамызындағы N669 “Аурухананы алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” бұйрығы негізінде құрылған.
01.04.2013 жылдан бастап Абдусаметова Альбина Айтжанқызы бөлімше меңгерушісі болып тағайындалды, сонымен қатар төсек сыйымдылығы 33 төсекке дейін ұлғайтылды.
2019 жылдың 1 ақпанында физиотерапия бөлімшесіз, күндізгі стационар 30 төсектік жеке бөлімше болып ұйымдастырылды. Бөлімше меңгерушісі болып Халықов Сұлтанқали Мұратқалиұлы тағайындалды.
2020 жылдың 3 ақпанынан бастап үш қалалық ауруханалардың қосылуына байланысты төсек орын санын 48 орынға дейін ұлғайту жүзеге асырылды.
30 төсек орны «Б» корпусында, 12 төсек орны «Д» корпусында және 6 төсек орны сауықтыру бөлімшесінде орналасқан.
2022 жылы қалалық көп бейінді ауруханасының күндізгі стационарында 3950 науқас емделіп, 2679 ота жасалды. Тараз қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарына гинекологиялық, құлақ мұрын тамақ, неврологиялық, терапиялық, травматологиялық, хирургиялық, урологиялық, нефрологиялық, пульмонологиялық, оңалту және аллергологиялық ем көрсету бойынша білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді.
Бөлімше меңгерушісі – Халықов Сұлтанқали Мұратқалиұлы
Бөлімше телефон нөмірі: 8(726)540789