Қалалық көп бейінді аурухана базасындағы «Консультативті-диагностикалық орталық» Әл-Фараби көшесі 2в бойында Б корпусының 1-қабатында орналасқан. Консультативті-диагностикалық орталығында барлық маман-дәрігерлер жұмыс жасайды (аллерголог, пульмонолог, кардиолог, невропатолог, нефролог, хирург, дене күйік дәрігері, нейрохирург, уролог, травматолог). Цитоморфологиялық және биохимиялық зертханалар бар. Функционалды диагностика кабинеттері жоғары рұқсаты бар технологиялық құрылғылармен жабдықталған, бұл дәлдік пен қауіпсіздіктің максималды дәрежесімен қажетті зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді. Біздің дәрігерлер Қазақстанда да, алыс-жақын шетелдердің үздік клиникаларында да мамандандырылған. Біздің орталықта Жамбыл облысының негізгі штаттан тыс мамандары жұмыс істейді.
Консультативті-диагностикалық орталықтың (КДО) негізгі міндеттері:
* КДО жоғары білікті дәрігер-мамандарының амбулаторлық науқастарды консультативтік қабылдауы;
* кешенді диагностикалық тексеру жүргізу;
* амбулаториялық негізде науқастарды кешенді тексерудің жүргізілуін бақылау және стационарлық емдеуге дайындау;
* адекватты дәрілік терапияны таңдау, оны түзету және тиімділігін бақылау.
Қабылдау кестесі:
Уролог: 09.00 – 17.00
Нефролог: 09.00 – 17.00
Травматолог: 09.00 – 17.00
Пульмонолог: 09.00 – 17.00
Нейрохирург: 09.00 – 17.00
Аллерголог: 09.00 – 17.00
Невропатолог: 09.00 – 17.00
Челюстно-лицевой хирург: 09.00 – 17.00
ЛОР: 09.00 – 17.00
Андролог: 09.00 – 17.00
Бөлімше меңгерушісі: Карабаева Жулдыз Муратхановна