Хирургиялық бөлімше

Шұғыл хирургия саласы медицинаның маңызды салаларының бірі болып табылады: хирургия бөлімшесіндегі барлық емделуші науқастардың 30% жуығын шұғыл тәртіпте емдеуге жатқызылған науқастар құрайды. Жедел хирургиялық аурулардың ерекшелігі ол қысқа мерзімде өмірге қауіпті асқынулардың кенеттен пайда болуы және дамуы болып табылады.

Хирургия бөлімшесі 40 хирургиялық төсек-орынға арналған. 2 заманауи операциялық блогы, жаңа буын эндовидеохирургиялық кешенімен интеграцияланған операциялық блок, заманауи стерилизациялық, заманауи наркоздық аппараттар және реанимациядағы мониторинг жүйесі бар.

Уақытылы және сапалы диагностиканы қамтамасыз ету мақсатында функционалдық диагностика бөлімшесі жұмыс жасайды, онда диагностиканың заманауи визуалды әдістері ұсынылған: УДЗ, УЗ-допплерография, ЭФГДС, колоноскопия, бронхоскопия, рентгенография, КТ, МРТ, ангиография және т. б.

Бөлімше қызметкерлері өңештен және ойық жараның гастродуоденалды қан кетудің ауыр түрін, таралған перитонит, абдоминалды жарақат пен политравманы диагнотикалау және кешенді емдеуде, қысылған жарықтар, алып рецедивті жарықтар кезінде тіндерді тартусыз пластика әдісін пайдалануда, отадан кейінгі асқынуларды уақытылы емдеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, жедел және жоспарлы хирургияда эндобейне ассистенттік оталар жасалады, олар: лапароскопиялық холецистэктомиялар, аппендэктомиялар, перфоративтік жараны тігу, панкреонекроз кезінде сальникті сөмкені санациялау және дренирлеу, ферментативті перитонит кезінде іш қуысын санациялау және дренирлеу, жіті жабыспа ішек өтпеу кезінде адгезиолизис және.

Бұл ретте клиникада жасалған эндобейнехирургиялық операциялардың саны бойынша қалада көшбасшы орынға ие, жіті аппендицит, ЖІӨ, перфоративтік жара, панкреонекроз, ота бойынша араласулар есебінен шағын инвазивтік оталар көлемі де кеңейіп келеді.

Жаңа медициналық технологиялар енгізілді олар: асқазан-ішектен қан кету, өңештің варикозды кеңейген тамырынан қан кету кезіндегі біріктірілген эндоскопиялық гемостаз,  сондай – ақ эндоскопиялық папиллосфинктеротомия және эндоскопиялық полипэктомия болып табылады.