«Дүниежүзілік бала емізу» апталығы
Жыл сайын 1-7 тамыз аралығында Бүкіл әлемде, ана сүтін еметін балалардың денсаулықтарын нығайту үшін, емшек емізуді насихаттауға бағытталған «Дүниежүзілік бала емізу» апталығы өткізіледі. Бұл апталық 1990 жылдың тамыз айында елдердің үкіметтерінің “ЮНИСЕФ” және басқа да ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қол қойған, емшек емізуді ынталандыру және колдау туралы Иннокентиялық декларацияның құрметіне орай бекітілген болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы өмірінің алғашқы 6 айында емшекпен емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүтімен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады. Емшек емізудің пайдасы кандай? Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен,вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Балаға емшек емізу миының және баланың ақыл ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді. Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу, босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатырдың жиырылуына көмектеседі, және анасындағы гемоглобин қорын сақтайды. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуіне көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелістін пайда болу қаупін төмендетеді.
Емшекпен емізу бойынша координаторы Р. Мананбаева

