Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі
Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:
* ауыр жағдайдағы пациенттерге шұғыл көмек көрсету бойынша білікті жұмыс
* өмірлік функциялары бұзылған пациенттерге реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізу
* операциядан кейінгі ерте кезеңдегі пациенттерді динамикалық бақылау және қарқынды емдеу
* жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларды тәулік бойы анестезиологиялық қамтамасыз ету
Жұмыс істеген жылдар ішінде бөлімше персоналы операциядан кейінгі науқастарға арнайы күтім жасауда клиникалық тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар бөлімшеде неврологиялық патологиясы бар пациенттерді емдеу және бақылау жүргізіледі: политравма , бассүйек-ми, жұлын жарақаттары, ми қан айналымының бұзылулары, бас миы соғылуының ауыр түрлері, нейрохирургиялық , хирургиялық , гинекологиялық , радикалды ЛОР операцияларынан кейінгі пациенттер . Дәрігерлер мен медбикелер жоғары кәсіби және үнемі Қазақстан мен шетелде біліктіліктерін арттырады.
Бұдан басқа, бөлімше тәулік бойғы режимде:
* операциялардың барлық түрлерінің анестезиясын дайындау және жүргізу бойынша іс-шаралар кешенін қамтамасыз етеді;
* пациенттердің өміріне қауіп төндіретін түрлі патологиялық жағдайларда реанимациялық іс-шаралар, қарқынды терапия және қарқынды мониторинг жүргізеді.
Бөлімше 16 төсекке арналған, мұнда 11 анестезиолог-реаниматолог дәрігер жұмыс істейді. Барлық мамандар бірінші және жоғары санатқа ие. Медбикелер саны-37.
2018 жылдан бастап реанимация және анестизиология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі – Мусаев Гамзат Афендиевич
Бөлімше телефон нөмірі: 8(7262)540511