ҚАДАҒАЛАУ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

“Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы көпбейінді ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқұғындағы МКК
Қадағалау кеңесінің мүшелері

Қадағалау кеңесінің төрағасы

Мауленов Нариман Булдешович
Туған күні: 08.11.1972 ж
А. Ясауи атындағы халықаралық мемлекеттік қазақ-түрік университеті«Экономика және қаржы»
А.Яссауи атындағы халықаралық мемлекеттік қазақ-түрік университеті«Құқықтану»
Заң ғылымдарының магистрі – 2016 жыл
05.11.1990 жылдан 05.03.1991 жылға дейін – С.Шәкіров атындағы қой шаруашылығы, құрылыс бөлімінің жұмысшысы.
06.05.1991 жылдан 23.01.1993 жылға дейін – «Рахым» ЖФ (Жеке фирма), экспедитор.
25.01.1993 жылдан 17.02.1994 жылға дейін – «Жамбылотын» ААҚ Облыстық отын базасы
17.02.1994 жылдан 12.04.1996 жылға дейін – «Жамбылотын» ААҚ «Жамбылотын» облыстық отын базасы Вице-Президент.
11.05.1996 жылдан 17.06.1998 жылға дейін – П.Т. (толық серіктестік) «Нариман и К».
20.06.1998 жылдан 25.11.1998 жылға дейін – «Әулие-Ата LTD» ЖШС Бас директордың орынбасары.
25.11.1998 жылдан 26.03.1999 жылға дейін – «Әулие-Ата LTD» бас директоры.
16.10.2001 жылдан 15.12.2011 жылға дейін – «Транзит-Көмір» ЖШС Директоры.
28.06.2012 – 13.02.2015 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу және құқықтық көмек қызметі комитетінің «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Директорының орынбасары.
01.07.2015 жылдан 19.02.2016 жылға дейін – “DIAMOND” Халықаралық әмбебап тауар биржасы “акционерлік қоғамы Президент.
27.06.2016 жылдан 14.12.2016 жылға дейін – «2030-Бизнес Элит Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
10.08.2018 жылдан 23.04.2021 жылға дейін – «Тараз Сервис Центр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
16.04.2021 жылдан 2021 жылдың шілдесіне дейін «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» қауымдастығы нысанындағы Жамбыл облысы бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі филиалының төрағасы.
2023 жылғы қаңтардан бастап – 01.02. 2023 ж. «Табыс» шаруа қожалығының басшысы.
2024 жылдың тамызынан Тараздағы «DAMU HIGH SCHOOL» жекеменшік мектептін құрылтайшысы.
Ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметпен және меценатпен (қайырымдылық) айналысады.

«Аманат» партиясының мүшесі
2020 жылдың қыркүйегіне дейін «Нұр Отан» партиясының облыстық кадр резервінде болды.
20.03.2016 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Тараз қалалық мәслихатының 6-шы шақырылымының депутаты болды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін «А» корпусының ҚР кадрлық резервінде болды
2023 жылғы наурыздан бастап 8-ші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
Тараз қалалық мәслихатының инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары
«Аманат» партиясының Жамбыл облыстық филиалы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары.
«Аманат» партиясының партиялық бақылау мүшесі.
«Аманат» партиясының аграрлық сектор комиссиясының мүшесі.
2019 жылы Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Саяси Менеджмент Академиясында оқудан өтіп, жолдаманы үздік аяқтады.
«Саяси көшбасшылық» және «Transformational Leadership».
2015 жылғы 13 желтоқсанда Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Кеден одағы елдерінің құрметті азаматы» орденімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хат.
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хат.
Қамсым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 02 желтоқсандағы Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» – медаль мемлекеттік наградамен марапатталды.

Үйленген, үш баласы бар.

 

Қадағалау кеңесінің мүшелері

 
Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы – 1986 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, Германия Федеративтік Республикасындағы Билефельд университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алған. «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғылым магистрі және «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша «бизнес және менеджмент» магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік және неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын: «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ ғылым және білім департаментінің бас менеджері болып бастаған.
2016-2018 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық орталықтарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жобалармен жұмыс істеген.
2018 жылы Швейцарияның Женева қаласындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Штаб-пәтері базасында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі;
2018 – 2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы” ШЖҚ РМК Басқарушы директоры;
2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК директорының орынбасары;
2020 – 2021 жылдары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Ұлттық қызметкері;
2021 – 2024 жылдары “Sapaly med Qyzmet сервистік қызметтер қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы болған.
2025 жылдың 26 мамырынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 
ТҰҢҒАТОВ ҚАЙРАТ ХАСИПҰЛЫ
«А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒОХ» АҚ Басқарма төрағасының қаржы-экономикалық және әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары
Басқарма Төрағасының орынбасары «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒОХ» АҚ-ның қаржы-экономикалық және әкiмшiлiк-шаруашылық блогы мәселелерiне жетекшiлiк етедi, 1999 жылы Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетiн бух мамандығы бойынша бiтiрген. есеп және аудит. 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын менеджмент мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары бухгалтер, бас бухгалтердің орынбасары, директордың ұйымдастыру-экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бас бухгалтер, бас дәрігердің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒОХ» АҚ-да қаржы-экономикалық және операциялық қызмет бойынша басқарма төрағасының орынбасары.

 
Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы – Жамбыл облысы мәслихатының депутаты
1966 жылы 21 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Тамды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2008-2012 жылдар аралығында Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінің (ЖГТУ) «Есеп және аудит, экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алып оқуды аяқтады.
Ол өзінің еңбек жолын 1988 жылы Қаратау қаласының жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде экспедитор болып бастады, әрі қарай қойма меңшерушісі, цех басшысы, мекеме басшысы қызметтерін 1995 жылға дейін абыроймен атқарды.
1995-2008 жылдар аралығында тараз қаласында «Бурыл» сауықтыру кешенінің директоры, 2008 жылдан қазіргі кезге дейін «Шоқайнар» демалыс орталығының директоры қызметін атқарып келеді. (Тараз қаласы, Қ.Жалайыр көшесі)
2020 жылдың 1 сәуірінен «Birgemiz – Jambyl oblysy» қоғамдық қорының төрағасы.
Ж.Танкебаев «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының белсенді мүшесі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты (2021 жылдың қаңтар айынан VII-шақырылым), 2016 жылдан бері Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, комиссия төрағасы, кеңес хатшысы болды.
Ж.Танкебаев 2008 жылдан бастап 2009 жылы Тамды ауылы тұрғындарының игілігіне Қазақстан Діни басқармасында заңды тіркелген «Тәнкебай-Ата» мешітін салып берген.
2018 жылы Астананың 20 жылдығына Тамды ауылына спорт алаңын салып берді.
2020 жылы облыс әкімінің бастамасымен бастау алған «Асарлатып үй салу» жобасына атсалысып, сол ауылдағы аз қамтылған көпбалалы отбасына үй салып беруге атсалысып, өз үлесін қосты.
2021 жылы «Жомарт түлек» жобасы аясында Қойгелді атындағы орта мектебінде бір оқу кабинетін түгелдей жабдықтап берген.
Қойгелді атындағы орта мектептің бір қабатының түгел терезелерінің жалюздерін орнатып берді.
Марапаттары: «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқарудың даму мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін» медальдарымен, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (2018ж.); Президент сайлауы аясында үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж-К.Тоқаевтың Алғыс хатымен (2019ж.); «Жыл меценаты» номинациясымен (2019ж.); Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының қызметіне белсене атсалысқаны үшін Басқарма төрағасының Алғыс хатымен (2020ж.); Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасының Алғыс хатымен (2021ж.) марапатталған.
Талас ауданының құрметті азаматы, меценат, кәсіпкер.

 
Кеңесбек Бекжан Айдарұлы
Бекжан Айдарұлы – Жамбыл облысы Әкімінің Аппарат басшысының орынбасары
1995 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Экономика және бизнес», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман болып бастады.
Әр жылдары Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізуші бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы, Әкімшілік басқармасының басшысы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша басқармасының бас сарапшысы лауазымдарында еңбек етті.
2023 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 20 қыркүйегіне дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әкімшілік департаментінің Ұйымдастыру жұмысы бойынша басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 
Алкуатов Нуртуган Айтуганович
1981 жылы 9 қарашада Қызыл-Орда облысында дүниеге келген.
2004 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін бітірді, 2005 жылы балалар хирургиясы бойынша интернатурадан өтті.
Еңбек жолын 2005 жылғы тамызда Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасының дәрігер-ординаторы, балалар хирургы болып бастаған. 2007 жылдан бастап облыстық балалар ауруханасында УДЗ дәрігері, 2010 жылдан бастап эндоскопист дәрігер. 2011 жылдың 28 желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысының штаттан тыс неонаталдық бас хирургі.
2014 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2013-2015 жылдары Жамбыл облыстық балалар ауруханасында «балалар амбулаториялық хирургиясы орталығы», «функционалдық диагностика» және күндізгі стационар бөлімшелерінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары Жамбыл облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығы бас дәрігерінің орынбасары, 2017-2022 жылдары «Almaz Medical Group» ЖШС бас дәрігері қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық патологоанатомия бюросы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.
«Балалар хирургиясы» және «Эндоскопия» мамандықтары бойынша жоғары санаты бар; «Ультрадыбыстық диагностика» мамандығы бойынша бірінші санат, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша екінші санат, «Жалпы хирургия» маман сертификаты. 2021 жылы ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен марапатталған. ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісінің иегері.

 
АБДУАЛЫ АСҚАР БЕГАДЫҰЛЫ
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ректордың кеңесшісі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылында 03.01.1953 жылы көп балалы отбасында дүниеге келген.
1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1979 жылы институтты «Тарих» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл педагогикалық институтында бастап, 1979-1983 жылдары «Тарих және саясаттану» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарған.
1983-1988 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасында білімін жалғастырып, 1988 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін корғап шықты.
1992 жылы доцент ғылыми атағын алған. 1989-1996 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.
1996-1998 жылдары Жамбыл университетінде кафедра меңгерушісі, 1998-2001 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінің деканы, 2001-2003 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
2003-2010 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының директоры қызметтерін атқарған.
2006 жылы «XVIII ғасырдың 2-ші жартысы және XIX ғасырдың 60 жылдар аралығындағы Хиуа хандығы мен Қазақстанның қарым-қатынасы» тақырыбы бойынша тарих ғылымдарының докторы дәрежесін қорғап, 2010 жылы профессор ғылыми атағын алған.
2010 жылдың наурызы мен 2013 жылдың наурызы аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.
2013 жылдың 1 сәуірінен 2020 жылдың ақпан айына дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры қызметін атқарған.
Білім беру саласындағы көп жылдық жемісті еңбектері үшін 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің кұрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, 2006 жылы «Отан» республикалық саяси партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» және «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген Еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және 2013 жылы желтоқсанда мемлекеттік «Құрмет» орденімен наградталған.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Құрметті азаматы». 2018 жылы қыркүйек айында Алашорда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығының құрметіне «Алаш» естелік медалімен марапатталды.
Асқар Бегаділұлы – 160 дан аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің, соның ішінде 10 монографияның, оқулық және оқу құралдарының авторы.
Отбасылы, үш баласы, тоғыз немересі бар.

 

Қадағалау кеңесінің хатшысы

Кемелбекова Айгерим Кайратовна

 

Байланыс нөмірлері – 8(7262) 54-32-32

Эл. почта – gmb.taraz@mail.ru

Добавить комментарий