«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпсалалы ауруханасы және консультативті-диагностикалық орталық» (бұдан әрі – ҚКА және КДО) көпсалалы емдеу мекемесі болып табылады. 546 төсек-орындық стационар мен 66 төсек-орындық күндізгі стационарға арналған 636 төсек орындық стационар, оның ішінде жедел медициналық көмек көрсетілетін травматология пункті бар. Ересектер мен балаларға кеңес беру-диагностикалық медициналық көмек көрсетіледі.

Біздің Миссиямыз: халыққа сапалы, қауіпсіз және қолжетімді медициналық көмек көрсету.

Біздің Көзқарасымыз: халықаралық емдеу және диагностика стандарттарын енгізу және инновациялық технологиялар арқылы медициналық қызметтер мен пациенттердің қауіпсіздігін үнемі арттыру.

Біздің Ұранымыз: Пациенттерімізге ең жақсысы.

Қосымша бөлімдер:

  • анестезиология және реанимация бөлімі,
  • операциялық блок,
  • қабылдау бөлімі,
  • физиотерапия бөлімі.

Параклиникалық бөлімдер:

  • сәулелік диагностика бөлімі,
  • клиникалық зертхана,
  • функционалды зерттеулер бөлімі,
  • цитологиялық бөлімше,
  • прозектура,
  • шаруашылық қызметтері.

Қалалық тәулік бойы жұмыс істейтін травматология пункті 28,1 ауысымдық қуатқа ие.

Төсек қорының негізгі сапалық көрсеткіштері:

Аурухананың төсек қоры жылдың соңында 546 стационарлық төсек-орын және 66 күндізгі төсек-орын болды.

Жабдықтармен қамтамасыз ету:

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Azurion 7B20 рентгендік ангиографиялық жүйесі орнатылды.

2023 жылы жергілікті бюджет трансферттері есебінен жабдықтар сатып алынды:

  • Revolution EVO стационарлық компьютерлік томографы және басқа жабдықтар.
  • Бір соққы-толқынды литотрипсия жүйесі.
  • Әмбебап эндовидеохирургиялық кешен.
  • Эксперттік деңгейдегі видеоэндоскопиялық жүйе.
  • OPTI CCA-TS-2 қан газдары мен электролиттерін анықтауға арналған анализатор.
  • High Flow – 25 жоғары ағынды оксигенотерапия аппараты.
  • 20 пациенттік монитор.
  • Aitecs, DF-12M модельді 70 сорғысы.
  • Aitecs, SP-12S PRO шприц инфузиялық сорғысы – 70 бірлік.
  • STRYKER System G ROTARY DRILL хирургиялық бұрғысы және басқа жабдықтары.
  • Dornier Medilas H Solvo медициналық лазер жүйесі.
  • 10 Im 70 пациент мониторы.
  • F9 ана мен ұрықтың фетальды мониторы – 3 бірлік және басқа жабдықтар.

Ақылы қызметтер есебінен 2023 жылы сатып алынды:

  • 3 Aitecs 2016 инфузиялық сорғысы,
  • OXYLOG ve300 жасанды тыныс алдыру аппараты,
  • CardioCare 2000 электрокардиографы – 2 бірлік,
  • LISALE модельді медициналық функционалды төсек – 21 бірлік.

Гуманитарлық көмек:

  • 15 ИВЛ аппараты,
  • 33 оттегі концентраторы.

Медициналық техникамен жабдықтау деңгейі 83,15% құрайды.

Автоматизация:

Қазақстан Республикасында электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасына сәйкес медициналық ұйымдардың автоматтандырылуы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

МИС DamuMed:

Қағазсыз нұсқада науқас тарихын жүргізуге көшу жүзеге асырылды.

Жаңа технологиялар:

Жамбыл облысының 5 жақын ауданы үшін жоғары технология