Республика күні мерекесі

“Республика күні”мерекесіне орай ҚКБА және КДО салтанатты жиналыс өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында Денсаулық сақтау басқармасы, Тараз қалалық мәслихаты,Тараз қаласының әкімдігі, “QazMed” кәсіподағы Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен ерен еңбектерімен көзге түскен, мекеменің қоғамдық өміріне белсене ат салысқан бірқатар қызметкерлері марапатталып, құнды сыйлықтар табысталды. Салтанатты жиын Кенен Әзербаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері мен “Алатау” фольклорлық ансамблінің концертіне ұласты!