Тараз қаласы көп бейінді ауруханасының ұйымдастыруымен «ҚР ұлттық бүйрек қоры» семинар конференция өткізді




2023 жылдың шілде айының 17–18 жұлдыздарында Тараз қаласы көп бейінді ауруханасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ұлттық бүйрек қоры» қоғамдық қор президенті, профессор, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігінің штаттан тыс бас нефролог Туганбекова Салтанат Кенесовнаның қатысуымен семинар конференция өтті.
Бұл өңірлік ғылыми конференция жергілікті бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының терапевт, эндокринолог, кардиолог, ревматолог дәрігерлерінің кәсіби білімін жетілдіру, сондай-ақ созылмалы бүйрек ауруларының (хроническая почечная недостаточность) алдын-алу, дер кезінде анықтау, заманауи емдеу тәсілдерімен бөлісті.
Сондай-ақ профессор жергілікті нефролог дәрігерлерімен кездесіп, нефрологиядағы бүйрек алмастыру терапиясы (заместительная почечная терапия) – гемодиализ, бүйрек трасплантациясы сияқты өзекті сұрақтарды көтерді.
Әрбір өңірде өзіндік координациялық орталық ашылуын, әр өңірде трансплантация оталары жасалуын, мәйіттік донорларды дамыту керек екендігі айтылып өтті.