11-қазан күні “QazMed” кәсіподағы Жамбыл облысы филиалының ұйымдастыруымен медициналық ұйымдар арасында облыстық спартакиада өтті

11-қазан күні “QazMed” кәсіподағы Жамбыл облысы филиалының ұйымдастыруымен медициналық ұйымдар арасында облыстық спартакиада өтті. Аталған іс-шарада қалалық көпбейінді аурухана КД орталығы мен ЖИТС орталығынан жасақталған “ҰЛЫ ДАЛА” командасы жеңіске жетіп командалық 1-ші орынды ұтып алды. Бас дәрігерлер арасында өткен “Дартс” спорт сайысынан мекемеміздің бас дәрігері Хамит Саттаркулович Мурзакасымов 2-ші орынды иеленді. Мекемеміздің намысын қорғап, жеңіс жолына бар күш-жігерлерін жұмсаған әріптестерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!!!