Жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде жасалған ота
2022 жылдың 28 қаңтарында 1995 жылы туылған Жамбыл ауданының тұрғыны, жақ-бет хирургиясы бөліміне: сол жақтағы самайасты шұңқырының төменгі жақсүйек асты кеңістігінің тістен тараған флегмонасы, сол жақтағы орбитаның флегмонасы диагнозымен жүгінді.
Ауруханаға түскен кездегі шағымдары: ауырсыну және сол жақ бетінің жақ асты, жақ-бет аймағының ісінуі, ауыздың шектеулі ашылуы, жұтқан кезде ауыруы, бас ауруы, әлсіздік, 38.0 шегінде дене температурасының кейде көтерілуі.
Ауру тарихы: пациенттің айтуынша, ауырғанына шамамен 4 күн болды. Бұрын сол жақтағы төменгі жақ сүйегіндегі 36 тістің аймағында ауырсыну мазалаған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Жоғарыда аталған шағымдар пайда болған кезде тіс дәрігеріне жүгінген, дәрігер ауызша түрде Қалалық көп бейінді ауруханасының жақ-бет хирургына жіберген. Пациентті жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Төлен Серік Кеңесбекович тексеріп, шұғыл түрде стационарлық емделуге жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызды. Бөлімшеде ауруды қоздырған тісті жұлу және флегмонды ашу операциясы жүргізілді. Бүгінгі таңда пациент бактерияға қарсы терапия алуда, пациенттің жағдайы жақсы.