Жақ-бет хирургия бөлімшесі 1978 жылы облыстық аурухана базасында ашылды. 1996 жылдан бастап бөлімше №1 қалалық аурухананың (бұрын Жедел медициналық жәрдем ауруханасы) құрамында жұмыс істейді. Бөлімше жақ-бет жарақаттары және бас-мойынның қабыну процесстері кезінде емделушілерге тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді, жақ-бет аумағы және мойынның қатерсіз ісігіне операция жасау мақсатында емделушілерді жоспарлы емдеуге қабылдайды, сонымен қатар жақ-бет аурулары бойынша мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж емделушілерді амбулаториялық қабылдау жүргізеді.
Бөлімшені ұйымдастырған және ұзақ уақыт бойы оны басқарған білікті маман, медицина ғылымдарының кандидаты Алхайдаров Абдыжаппар Махмұдұлы.
Кейінгі жылдары бөлімшені жоғары білікті дәрігер Идрисов Ерболат Бахытұлы басқарды.
2013 жылдан бастап бөлімше меңгерушісі – Бурабаев Жәнібек Әмірбекұлы.
Қазіргі таңда бөлімшеде 15 төсек-орны бар. Жыл сайын амбулаториялық емделушілерді есептемегенде 700-800 науқас ем қабылдайды.
Бөлімшеде 6 дәрігер жұмыс істейді:
Бурабаев Жәнібек Әмірбекұлы
Төлен Серік Кеңесбекұлы
Махмудов Дулатбек Абдыжаппарұлы
Югай Вячеслав Борисович
Асқарұлы Бекзат
Пернебеков Ермұрат Бахытжанұлы
Төрт дәрігер – жоғары санатты. Дәрігерлер арасында клиникалық ординатураны бітірген мамандар, «Алтын дәрігер» медалінің иегерлері бар. Бөлімше дәрігерлері денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі үшін аурухана әкімшілігі тарапынан бірнеше рет марапатталды. Дәрігерлердің жақ-бет хирургиясы саласында операцияларды жасауда тәжірибесі мол. Имплантология және тісті протездеумен айналысады.
Бөлімшедегі барлық дәрігерлер Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жақ-бет, пластикалық және стоматология-хирургия кафедрасында біліктіліктерін үнемі жетілдіреді. Сонымен қоса, стоматология және жақ-бет хирургиясы бойынша конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға үнемі қатысып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, білімдерін шыңдайды, стоматологиялық хирургиядағы жаңалықтармен танысады.
Бөлімше жақ-бет патологиялары бар науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын.
Төлен Серік Кеңесбекович – жақ-бет хирургия бөлімшесінің меңгерушісі
Бөлімше нөмірі: 8(7262)540844