Тұмау мен ЖРВИдің алдын алу



Көптеген адамдар тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулері одан да ауыр түрімен ауыруы мүмкін. Тұмау бар созылмалы ауруларды асқындырады, сонымен қатар тұмаудың ықтимал асқынуларының кең тізімі бар. Тұмау бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты 2023 жылғы 19 және 20 қазанда Тараз қаласындағы қалалық көп бейінді аурухана қызметкерлерімен тұмау және басқа респираторлық инфекциялардың алдын алу бойынша оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарында тұмау және ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекциялардың) клиникалық мәселелері, диагностикасы және алдын алу, тұмау және ЖРВИ бар науқастардан зертханалық зерттеуге материал жинау ережелері қарастырылды. Ауруханада осы инфекцияның таралуын болдырмау үшін, аурухананың барлық қызметкерлері, медициналық және медициналық емес қызметкерлер тұмауға қарсы вакцинациядан өтті.