Қалалық көпбейінді аурухананың травматология және ортопедия бөлімшесі емдеу мекемесінің ең көне құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Бөлімшеде еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар ғана емес, сонымен қатар егде жастағы емделушілерге де мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласында бірегей тәжірибе жинақталған. Біз емделушілерге жарақаттан соң толыққанды өмір сүруге оралуға және тез денсаулығын қайта қалпына келтіру үшін кәсіби біліктілігіміз бен сапалы операциялық ем жүргізуге кепілдік береміз.
Травматология-ортопедия қызметінің дамуының негізгі кезеңдері
Жамбыл облысында алғаш рет мамандандырылған травматологиялық көмек облыстық аурухананың құрамында 1965 жылы ұйымдастырылды және бөлімше меңгерушісі болып Фирсов Н.А. тағайындалды. 1972 жылы бөлімше №1 қалалық аурухананың (бұрын Жедел медициналық жәрдем ауруханасы) құрамына ауыстырылды және бөлімшені білікті маман дәрігерлер басқарды: Жакиянов Б.С. (1972-1976жж.), Азимов Н.М. (1976-1984 жж.), Миятов И.М. (1984-2002жж.), Спамбетов М.М. (2002-2007жж.), Монтаев А.А. (2007-2009жж.), Молдақұлов Ж.М.(2009-2011жж.). 1973 жылы ортопедия және асқынған жарақаттар бөлімі ашылып, меңгерушілері болып Макарова Р.Ф., Жакиянов Б.С, Монтаев А.А. қызмет етті. 1995 жылы ортопедия және асқынған жарақаттар бөлімі травматология және ортопедия бөлімшесі құрамына біріктірілді. Әр жылдары осы бөлімшелерде жоғары дәрежелі дәрігерлер жұмыс істеді: Сандыбаев М.А., Пешеков А.О., Цой Г.Е., Жұмабаев Б.М.. Хидиров М.М., Шолпанбеков Р.С., Тілешов С., Төлеуханов Б.О. және т.б.
Қазіргі таңда травматология және ортопедия бөлімшесі жарақаттар мен сүйек-буын жүйесінің патологияларын емдеумен айналысады. Бөлімше мамандары аудандық ауруханалардағы әріптестерімізге практикалық және әдістемелік көмек, сонымен қатар санитарлық авиациямен елді мекендерге барып, Жамбыл облысы бойынша жарақат алған емделушілерге медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімшеде Израиль, Польша, Ресей, Қазақстанның клиникаларында білім алған біліктілігі жоғары дәрігерлер жұмыс істейді. Олар өз біліктіліктерін Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетелдердің атақты клиникаларында үздіксіз жетілдіріп отырады. Сонымен қатар, травматология және ортопедия саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша шебер сыныптары Астана қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының профессоры Батпенов Н.Д., Германия (Шнетлер Р., Гиссен клиникасы), Корей, Ресей (м.ғ.к. Римашевский Д.В., РХДУ), Краснодар аймақтық №1 ауруханасынан дәрігерлердің қатысуымен жыл сайын өткізіліп тұрады.
Бөлімшеде жарақаттану және тірек-қимыл аппаратының зақымданулары кезінде операциялық араласулардың заманауи тәсілдері, операциядан кейін бақылау және оңалту емдік шараларының қажетті көлемі жүргізіледі. Травматология және ортопедия бөлімшесі жедел жарақат, сүйек-буын жүйелерінің патологиясы және жарақаттың зардаптарын емдеумен айналысады. Жыл сайын бөлімшеде шамамен екі мың емделуші ем қабылдайды. Бөлімшеде пациенттерге реконструкция-пластикалық операциялар, аяқ-қол буындарын эндопротездеу, аяқ-қол сүйектерінің металлостеосинтезі операциялары жасалады. Жұмыс барысында орындалатын кіші инвазивті және дәстүрлі тұрақты-функционалды остеосинтез кезінде сүйектерді бекітудің классикалық тәсілдері қолданылады: винт, пластина, серкляж және аппараттар. Остеосинтездің негізгі қағидалары: анатомиялық репозиция, тұрақты бекіту, атравматикалық техника және операция жасалған аяқ-қол буындарындағы ерте белсенді қозғалыстар. Кіші инвазивті остеосинтез кезінде имплант қолдану сүйекпен қарым-қатынасты азайту және сынық аймағында васкуляризация бұзылуын төмендетуді қарастырады. Остеосинтездің кіші инвазивті тәсілдеріне блокадалаушы стерженьдермен жабық остеосинтезді, 2-3 хирургиялық әрекеттердің тұрақтылығы, жамбас сүйектері сынықтарының остеосинтезі, жарақаттар мен буын патологияларын артроскопиялық емдеу, аяқ-қол сүйектерінің ақаулары кезінде реконструкциялы-пластикалық операцияларды, остеомиелит, бекіткіш құрылғыларды салуды жатқызуға болады. Жоғары технологиялық медициналық көмектің мемлекеттік бағдарламасы тиімді жұмыс істейді. Травматология және ортопедия бейіндері бойынша жамбас және тізе буындарын эндопротездеу кезінде АҚШ-та шығарылған импланттар жас және ересек адамдарға қолданылады.
Бөлімшедегі палаталар ыңғайлы, екі және үш орындық. Әр палатада санитарлық торап, душ бар. Жыл сайын бөлімше базасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек екі мыңнан аса емделушіге көрсетіледі. Әр түрлі жарақаттар мен тірек-қимыл қозғалысы аппараттарының аурулары кезінде шамамен 2000 операция жасалады. Біздің бөлімшеге операцияның кейбір түрлерін жасату үшін басқа облыстар (Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Байқоныр және т.б.) және көршілес елдердің азаматтары (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей) келеді.
Әрбір емделушіні емдеу және оңалту жеке бағдарлама бойынша травматология және ортопедия саласындағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, жүргізіледі.
Қазіргі таңда травматология және ортопедия бөлімшесінде біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді: бөлімше меңгерушісі Тулеев Е.Т., ординатор-дәрігерлер: Шолпанбеков Р.С., Исаев А.А., Абдыраимов Н.О., Юсупов Р.Ж., Идеев Д.Ф., Мацагоров М.В., Санаев М.Т., Құтымтай К.О., Төленов Е.К.
Бөлімше меңгерушісі – Тулеев Ерлан Турсыналиевич
Телефон нөмірі: 8(7262)540683