“Спорт күніне” арналған спартакиада
Бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорткешенінде «Спорт күніне» арнап ұйымдастырылған медицина қызметкерлері арасындағы спартакиаданың екінші күні өтуде. Қалалық көп бейінді ауруханасы да осы іс-шараға дәрігерлер, мейірбикелер және басқада медицина қызметкерлернен құралған «Қайсар» командасы болып спорттың: кіші футбол, волейбол, бильярд, жүзу, үстел теннисі ойын түрлерінен қатысты. Жарыста команда жақсы ойын көрсетіп, жүзуден 1 орынға, кіші футболдан 2 орынға ие болды. Жалпыкомандалық жарыста 3 орынға ие болды. Спартакиадаға қатысып, жақсы ойын көрсеткен команда құрамасы мен ұйымдастырушарға алғыс білдіреміз.