Құрбан айт мейрамы

Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы екені бәрімізге мәлім. Осы келе жатқан мейрам қарсаңында Қалалық көп бейінді ауруханасының әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті Қасиетті мейрам күндері жұмыскерлердің әрбір шаңырағына шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілей келе, кәсіпорынның аз қамтылған, көп балалы отбасыларына айттық азық-түлік пакеттерін таратты. Құрбан айт құтты болсын. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!