Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын

2023 жылдың 24 қазанында қалалық көп бейінді ауруханасында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Ашылу салтанатында, қалалық көп бейінді ауруханасының бас дәрігерінің м. а. Мурзақасымов Хамит Саттарқұлұлы құттықтау сөзін мемлекет басшысы президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің: «Еліміздің басты мерекесі – Республика күні! Бұл – Түрік қағанаттары, Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірінен бастау алған сан ғасырлық мемлекеттігіміздің жаңғыру күні. Осыдан 33 жыл бұрын Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануымен тарихи әділеттілік салтанат құрды. Бұл ең маңызды құжат Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашты» деген сөзімен бастады.
Салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты.
Мереке құрметіне кәсіби қызметінде ерекше көзге түскен медицина қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.
Денсаулық сақтау саласына сіңірген көп жылғы еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен травматолог Олег Халилович Шаюнусов марапатталды.
Денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі және саланың дамуына қосқан үлесі үшін госпитальды фармация бөлімінің меңгерушісі, провизор Жолгелдиева Гүлшат Шамшаевна, және “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі» байқауында жеңіске жеткен, денсаулық сақтау саласына дамытуға қосқан үлесі және өлшеусіз еңбегі үшін 1-дәрежелі дипломмен нейрохирург дәрігер Семізтаев Жандос Мұхтарұлы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Халық денсаулығын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұржан Әзімханұлы Әйтімбетов «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Табысты жұмысы және облыстың денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін, дәрігер эндоскопист Әлиев Ғалымбек Ибрагимұлы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Облыс және қала әкімінің Алғыс және мақтау қағаздарымен перинаталдық бөлімшесінің акушер-гинекологы Нұршат Қадірбекқызы Жүнбаева, гемодиализ бөлімінің меңгерушісі Аякөз Оразбекқызы Баймұратова, денсаулық сақтау саласының менеджері Айнұр Әбдіманапқызы Нәлібаева марапатталды. Денсаулық сақтау басқармасы атынан мақтау қағаздарын клиникалық диагностика бөлімінің пульмонолог дәрігері Ахметова Тоғжан Бақытжанқызы мен нефрология бөлімшесінің нефролог дәрігері Женисова Гүлнара Әлімұратқызы алды.
Зейнетке шығуына байланысты пульмонология бөлімшесінің пульмонолог дәрігері Мұхамбетқалиева Нұрсула Ғабдуловнаны құттықталды.
Шара соңында қызмет ардагерлері сөз сөйлеп, жастарға ризашылық пен қоштасу сөздерін жеткізді.