Қалалық көпбейінді ауруханасында өңештен бөгде затты эндоскопиялық аппарат арқылы алып тастау опрециясы жүргізілді.

Науқас ауруханаға тамақ аймағында бөгде зат ыңғайсыздық тудырғаны үшін жүгінді, науқастың айтуы бойынша емдеуден 2-3 сағат бұрын ол аш қарынға короновирустық инфекцияның алдын алу үшін, сарымсақ түйірін жұтып қойған, бірақ ол өңештің кіреберісінде тұрып қалған. Бөгде затты алып тастау операциясын біздің аурухананың хирург дәрігері Ғабиден Рахымжан Кенжетаевич, жалпы анестезия арқылы ФГДС аппаратымен (асқазанды тексеруге арналған эндоскопиялық аппарат) жүргізді. Қазіргі кезде науқастың жағдайы жақсарып, өзін жақсы сезінуде.

Өңештің зақымдануы кезінде өлім қаупі өте жоғары, сондықтан өздігінен ем жасамай, алдын ала дәрігерлермен кеңесулеріңізді сұранамыз.