Қалалық көп бейінді ауруханасының перинаталдық орталығындағы оқиға

22.10.22ж 7:20 таңертең Қалалық көп бейінді ауруханасына пациент Д, ауыр халде, жедел жәрдем арқылы босану блогына жеткізілді. Пациенттің қан қысымы өте төмен болды, сұрақтарға әрең жауап берді. Дәрігерлер тез арада жүкті әйелге консилиум жасап, ішке қан кетуін анықтады, баланың өміріне де , ананың өміріне де қауіп төніп тұр еді. Тез арада ота арқылы босандыру ұйғарылды. Білікті дәрігерлер: акушер-гинеколог Налибаева А. А , хирург Жумашев С. Ш, анестезиолог- реаниматологтар Сураппаева Э. С, Мусаев Г. А, Абдіғалиев А. М, Орманов А. С арқасында, өте ауыр халдегі, яғни 4 литр ішке қан жоғалтқан пациент өмірін сақтап қалды. Неонатолог дәрігер Акбасова А. Ж, арқасында реанимация бөліміне түскен нәрестеде аман қалды. Түнді түн демей, қанша адамның өмірін сақтап қалуға ат салысқан аурухана ұжымының командалық құрамы “Ана мен баланың” өмірін сақтап қалуға әр қашан сақадай сақ тұрады. Дәрігердің жұмысы оңай емес! Әсіресе акушер- гинеколог мамандығы өте ауыр, өте жауапты, өте қызық! Әр ана өз баласын қолына алып, үйіне шығып бара жатқанда, бұл мекенді “БАҚ МЕКЕН” дегім келеді.

Денсаулық сақтау менеджері Налибаева Айнур Абдиманаповна.