Қалалық көп бейінді ауруханасында Алғыс күнімен ардагер дәрігерлерді құттықтау өтті

Бүгін қалалық көп бейінді ауруханада көктемнің алғашқы мерекесі

1-Наурыз «Алғыс айту» күні аталып өтті. Құтықтау сөзінде бас дәрігердің м.а. Хамит Саттаркулович мерекенің шығу тарихына тоқталып,  талай тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған байтақ елімізде адамның адамға құрмет көрсететін күні, әсіресе  барлық ұлттың бір – біріне және қазақтарға алғыс айту күні екенін атап өтті.

Осындай атаулы меркеде адамзат өміріне араша түсуде жалықпай, шаршамай еңбек етіп,  еңбек сүйгіштігі мен іскерлігін   серік еткен барша қызметкерлер  «Алғыс айту» мерекесімен құтықталып,  осы ұжымда   40 жылдан аса еңбек еткен, беделді, қадірлі, бірқатар азаматтарымыз, атап өтсек, Байрамов Шахлар Бахышоглы ҚМТ дәрігеріне, Шаисламова Назира Исмановна акушер-гинеколог дәрігеріне, Калжанова Клара Сагитжановна акушер-гинеколог дәрігеріне, Оразбекова Раушан Дуанбековна оперативтік кабинет мейіргеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.