Поликистозды аналық безді емдеудің инновациялық және заманауи әдістері

2023 жылдың 12 қазанында Алматы қаласында «Поликистозды аналық безді емдеудің инновациялық және заманауи әдістері» тақырыбында конференция өтті.
Поликистоздық аналық без синдромы репродуктивті жастағы әйелдерде жиі кездесетін гормоналды бұзылулардың бірі болып табылады. Бұл жағдай етеккір циклінің бұзылуына, ановуляциялық бедеулікке және шаштың патологиялық өсуіне әкелуі мүмкін.
Конференцияда спикер – ғылым докторы, Модена және Реджио Эмилия университеттік госпиталінің директоры Фабио Фачинетти (Италия) болды. Ол осы дертке шалдыққан науқастарды тексеру мен емдеуге қатысты барлық өзекті мәселелерге тоқталды.