Оңалтудың 2 кезеңі

1970 ж. т. пациент С. ИО (инсульт орталығынан) АГ 3 сатысы аясында сол жақ гемиплегиямен және моторлы афазиямен қайталама (2) ишемиялық инсульты диагнозымен оңалтудың 2 кезеңіне ауыстырылды.
МДК (мультидисциплинарлық команда) қаралып, оңалту бағдарламасы тағайындалды.
Психологпен жұмыс жүргізіліп, когнитивті функцияларды зерттеу, психоэмоционалды түзету және емдеу мен ауруға нақты көзқарасты қалыптастыру жүргізілді.
Сондай-ақ, логопед жұмысы жүргізілді-артикуляциялық аппараттың параличті бет бұлшықеттерін дамыту, дыбыстар мен сөздердің дұрыс айтылуын қалыптастыру, шайнау және жұту процестерін жақсарту үшін логопедтік және зондтық массаж жасалды.
Осылайша, мультидисциплинарлық бригада мүшелерінің осындай тандемі оңалту әлеуетін жүзеге асыруға және оңалтудың келесі кезеңіне қайта емдеуге жатқызылғанға дейін ұсынымдар жасауға мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда біз пациентті 2 айдан кейін 2 кезеңге қайта күтеміз.