«Оңалту кезеңдеріндегі пациенттердің психологиялық жағдайы. Емдеуге арналған нұсқамалар” тақырыбында тренингі

ҚКБА қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімінде  «Оңалту кезеңдеріндегі пациенттердің психологиялық жағдайы. Емдеуге арналған нұсқамалар” тақырыбында тренинг өтті.

Өткізу уақыты: 20.07.2022 ж.

Мақсатты аудитория: оңалту бөлімшесінің пациенттері (инсульт алған пациенттер, нейрохирургиялық, травматологиялық пациенттер).

Тренинг аясында пациенттердің денсаулыққа деген көзқарастары қарастырылды, пациенттердің эмоционалды жағдайы анықталды, психологиялық бағытталған әңгіме және пациенттердің мазасыздығын бейтараптандыру әдістері жүргізілді. Емделуге деген психологиялық көзқарастардың маңыздылығы, ауруға деген көзқарастың түрлері ашылды.

Науқастарға мазасыздықты бейтараптандырудың негізгі әдістері берілді, өзіне-өзі көмек көрсету дағдылары қолданылды, емделуге ұтымды нұсқаулықтар жасалды.