Неврологиялық бөлім 1976 жылдың қазан айынан бастап 60 төсекке арналған. 2014 жылы 60 төсектен 40 төсекке қайта бейіндеу жүргізілді. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап төсек қорын оңтайландыруға байланысты неврология бөлімшесі 31 төсек-орынға арналған.
Бөлімше қала және облыс науқастарына шұғыл және жоспарлы көмек, сондай – ақ консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.
Бөлімшеде 26 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 3 дәрігер, орта буынды медицина қызметкерлері -11, кіші буын мед қызметкерлері -12.
Неврологиялық бөлімнің меңгерушісі Ернар Мақатайұлы Алыпбаев, бірінші санатты дәрігер. Еңбек өтілі – 8 жыл.
Бөлімшеде науқастарға келесі нозологиялар бойынша көмек көрсетіледі:
- Эпилепсия
- Орталық жүйке жүйесінің қабыну процестері
- Жүйке тамырлары мен өрімдерінің зақымдануы
- Миастения грависі.
- вертебро-базиллярлық жеткіліксіздік синдромы.
Бөлімшеде ЭЭГ Нейроспектр-4 аппараты бар.
Бөлімше меңгерушісі: Алыпбаев Ернар Махатаевич
Бөлімше дәрігерлері: Сатыбекова Жанар Абдрахмановна, Топиева Айжан Бекжановна.
Бөлімше телефон нөмірі: 8(7262)346296