Мұрынның синусотомиясы бар эндоскопиялық полипотомиясы

1985 ж.т. Пациент А. оң жақ мұрнымен тыныс алуының қиындауына, мұрыннан шырышты бөлінділердің ағуына, мерзімді бас ауруына шағым келтіріп түскен болатын. Осы шағымдар 1 жыл шамасында мазалаған. Шағымдардың күшеюіне және бас ауруының үдеуіне байланысты №1 ҚКБА-на жүгінген. Ауруханада Лор-комбайн аппаратында Лор-дәрігерінің қарауынан өткен. Оң жақта мұрын қуысының саңылауын бөгеп тұрған кең полипоздық форма орын алған. Жоспарлы түрде Оториноларингология бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні науқасқа ЛОР-хирург Е. А. Ширимбаевпен “Мұрынның синусотомиясы бар эндоскопиялық полипотомиясы” отасы жүргізілген.  Полиптер бейнеэндоскопиялық бақылаудағы Шейвер аппаратының көмегімен жойылған.Сондай-ақ, гаймор қуысына бақылау жасалған. Оң жақтағы гаймор қуысында полипоздық өсінділер орын алған. Бұл аймақтағы полиптер Шейвер аппаратының көмегімен жойылған.Ота сәтті өтті (карусельде жойылған полиптердің суреттері көрсетілген).Науқастың мұрын тынысы қалпына келді. Шағымдар тоқтатылды.Науқас үйге қанағаттанарлық жағдайда шығарылған.Бұл операция стационарда эндоскопиялық шолумен 2022 жылғы қаңтардан бастап жүргізіледі.Оның артықшылығы-шырышты қабықтың минималды жарақаты және мұрын қуысы мен кеңсіріктерінің қол жетімсіз жерлеріне шолу жүргізу.Бұл операцияны ЛОР дәрігерлері, соның ішінде Байрамов Ш. Б., Төлебаев Е. А., Ширимбаев Е. А., Хидиров Л. М. Игеріп, жүзеге асыруда.