Мастер-класс “Ми тамырларының аневризмасы мен стеноздарын эндоваскулярлық емдеу”

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында үздік, әрі танымал нейрохирургтар шеберлік сыныптарын өткізуде Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаев пен бөлімше меңгерушісі Саршаев Марат Аманғалиұлы “- “100 жаңа есім” жеңімпаздары, елімізге белгілі үздік мамандар, нейрохирургия майталмандары. “Ми тамырларының аневризмасы мен стеноздарын эндоваскулярлық емдеу» бойынша Тараз қалалық көп бейінді ауруханасында шеберлік сыныбын өткізіп, ми тамырларының аневризмасы ауруынан зардап шегетін пациенттерге ота жасауда. Энде­вас­­куляр­лы әдіспен ми аневриз­мін емдеуде еліміздің ең үздік дәрі­гер­лерінің біздің облысымызға келіп, басқалармен тәжірибелерін бөлісіп, әрі ұзақ уақыттан бері жанын жеген дерттен зардап шегіп жүрген науқастарға көмекке келгені – біз үшін үлкен жетістік. Бас сүйегін ашпай, тамырішілік оталарды иненің ұшындай ғана тесікпен тіліксіз ота жасау әдісін қолданатын шебер Мыңжылқыны білмейтін халық жоқ.
Эндеваскулярлы әдіспен ми аневризмін емдеудегі оның жасаған оталарының барлығы дерлік сәтті жасалып, мыңдаған адам емделіп шыққан. Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар оның кеңесін алу үшін, шипалы қолынан жасалатын отаны жасатып, дертінен айығу үшін кезекке тұрады. Адамды білдірмей өлімге жеткізетін инсульт ауруына әкелетін ми тамырларының кеңеюі немесе шытынауына жол бермейтін әдісті қолданып келе жатқан Мыңжылқының тәжірибесін тараздық дәрігерлер қуана көріп, қабылдауда. 2 күн ішінде Мыңжылқы Бердіқожаев пен Марат Саршаев 6-7 науқасқа ми тамырлары аневризмасы бойынша оталар жасап, жаңа өмір сыйламақшы.