Коронавирустық инфекция
Коронавирустық инфекция-бұл SARS-CoV-2 вирусынан туындаған жұқпалы ауру. Ол тыныс алу жүйесі мен асқазан-ішек жолдарының басым бөлігінің зақымдалуымен сипатталады.
ҚКБА стационары, науқастардың аурухананың бейінді шұғыл жәрдеміне мұқтаж болған жағдайда, оның ішінде КВИ клиникасы бар пациенттерге және осы инфекцияның расталған жағдайларында шұғыл медициналық көмек көрсететін, инфекциялық емес көп бейінді стационар болып табылады.
“Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы” ҚР МБСД 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысына сәйкес пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайына стационарда 6 оқшаулағыш, үш корпуста және әрбір реанимациялық бөлімшеде бір-бірден қарастырылған. Медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қатаң қорғаныс құралдарында жұмыс істейді. Ауруханада қорғаныс құралдары, антисептиктер және дезинфекциялық құралдар жеткілікті. Медицина қызметкерлермен КВИ шалдыққан пациенттермен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздік бойынша оқыту, сондай-ақ ЖҚҚ кию және шешу қағидалары бойынша апта сайынғы жаттығу сабақтары үздіксіз жүргізіледі. Стационар өзінің медициналық қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Стационардың барлық қызметкерлері 100% вакцинацияланған.