Қалалық көп бейінді ауруханасының “Клиникалық-диагностикалық зертханасы” жоғары мамандырылған клиникалық-диагностикалық қызметтердің кең көлемін ұсынады.
- 774 төсектік стационарға тәулік бойы қызмет етеді;
- 10 жалпы жұмыс бөлмесі бар;
- Негізгі 2 корпуста орналасқан және жедел зертханалар тәулік бойы 3 блокта қызмет көрсетеді;
- 3 жедел зертхана әр блоктың қабылдау бөлімшесінде орналасқан.
Клиникалық-диагностикалық зертханада 13 зертхана мамандары, 21 зертханашылар және 5 кіші буынды мед қызметкерлер жұмыс жасайды.
Клиникалық зертханада диагностикалық процесс толығымен автоматтандырылған: биоматериал зертханаға түсуінен бастап биоматериал мұрағатын қалыптастыруға дейін.
Клиникалық-диагностикалық зерттеулер заманауи жоғары технологиялық автоматты анализаторларда жүргізіледі.
Клиникалық-диагностикалық зертхана 4 гематологиялық 3 автоматтандырылған биохимиялық анализаторлар, 3 жартылай автоматтандырылған коагулометр және автоматты Д-Димер анализаторы, 1 иммуноферментті анализатор, 1 генетикалық анализатор (ИФА), 1 жалпы клиникалық зәр анализаторлары және 10 бинокулярлы микроскоппен қамтылған.
Бөлімше меңгерушісі – Есенбекова Назира Мырзахановна
Бөлімше нөмірі: 8(7262)540785