Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні қарсаңында Қалалық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері, Тараз қаласының мәслихат депутаты Абильдаев Нурлан Шадиханович және «Нұр-Отан» партиясының өкілдері  еңбек ардагерлеріне барып қайтты. Олар мұқтаж  қарттарға қайырымдылық көмек көрсетті.

«Ересек ұрпақ үшін қарапайым назар аудару, шынайы қамқорлық және адамның жылу ілтипаты өте маңызды. Бұл мереке біздің барлығымызға қасиетті борышымызды және уақытты үзуге болмайтындығын еске салады», – деді Нұр-Отан партиясының өкілдері. Олар ардагерлерге зор денсаулық тілеп, сый сияпат берді.
Өз кезегінде, ардагерлер дән риза болып, аға буынға қамқорлық жасағаны үшін алғыс білдірді.

Біздің қаламыздағы егде жастағы адамдарға көңіл бөлу тек осы күнмен ғана шектелмейді.Аға буын үшін іс-шаралар мерекелік күндер бүгін де жалғасуда.Осы мереке қарсаңында қарт адамдарға жылы көңіл бөлу жақсы дәстүрге айналды.