Гинекология бөлімшесі 1964 жылы құрылды.  Бөлімшеде   гинекологиялық ауруларға  жоспарлы  және  шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіледі,  сонымен қатар  бөлімше гинекология саласындағы өзекті мәселелер бойынша  дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға  база  болып табылады.

Гинекология бөлімшесінің негізгі мақсаттары:

–              жіті және   созылмалы  гинекологиялық  патологиялары бар науқастарға  білікті-мамандандырылған,  жоғары мамандандырылған шұғыл және  жоспарлы түрде  емдік-диагностикалық  көмек көрсету;

–              науқастарды емдеу және диагностикалаудың  жаңа тиімді  тәсілдерін меңгеру және енгізу;

–              гинекологиялық патологиялары бар науқастарға   медициналық көмек көрсету  мәселелері бойынша  бөлімше қызметкерлерінің  біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;

–              гинекологиялық патологиялары бар  науқастардың ауруханада өлім-жітім жағдайларын төмендету  және  емдік-диагностикалық  жұмыстардың сапасын  арттыруға бағытталған  іс-шараларды  әзірлеу және енгізу.

Бөлімшені әр жылдары жоғары білікті мамандар басқарды: Каримов М.К., Маторин А Г,  Никитюк О.И., Абдрахманова М.О.,  аға мейірбикелер  Пышкина  Л.А., Нурпеисова Э.Б.  Олар білікті ұйымдастырушылар ретінде   жіті және созылмалы  гинекологиялық  аурулары бар  науқастарды  диагностикалау және емдеудің заманауи  тәсілдерін  енгізуге көп көңіл бөлді. Алғашқы  дәрігерлер мен   мейірбикелер  жұмыстың негізгі  қағидаларын қалыптастырды –  медицинада адал қызмет ету,  науқастарға адамгершілікпен қарау, тұрақты кәсіби даму. Адамгершілік, жанашырлық,  мейірімділік сияқты қасиеттер  медицина қызметкерлерінің  жұмысына тән.  Аурухананың дамуы мен қалыптасуына   бөлімшенің  дәрігерлері, мейірбикелері және кіші буынды бикелер де  аянбай еңбек етіп,  зор үлес қосты.   Гинекологтардың  көп жылғы тәжірибесі осы қағидаларға  беріктігін  дәлелдей түседі. Сол кезеңнің өзінде  білікті дәрігерлер мен мейірбикелер  құрамы  қалыптасты.   Біздің бөлімшенің алдыңғы буын өкілдері  ұзақ  та  күрделі  кезеңдерден  өтті.  Олар  білікті мамандар – Бегешева З.Г., Курумбаева С.К., Саурбаева Р.Б., Алпысова А.И., Шемякина Л. В., Ратникова Н.А.,  Айманова У.Т.,  Аширова З.К., Сокуренко И.В. Бөлімшедегі мамандар  негізінен жоғары санатты  дәрігерлер. Олар  Қазақстан, Израиль,  Ресейдің атақты клиникаларында  біліктілігін арттыру курстарында білімдерін жетілдіреді, сонымен қатар  қазақстандық және   халықаралық симпозиумдар мен  конгресстерге үнемі қатысады.  Бұл  тиімді жұмыс тәсілдерін  дер кезінде енгізуге  мүмкіндік береді. Атап айтсақ, бөлімшеде  соңғы  бес жыл  ішінде  кіші инвазивті  операциялық араласулар   енгізілді. Оған  кіші  жамбас органдарына жасалатын жоғары технологиялы  операциялар жатады.  Гинекологтар жыл сайын  мыңдаған емделушілердің  аяғынан тік тұрып, сауығып кетуіне көмектеседі.  Қазіргі таңда  бөлімше  меңгерушісі – Қошқарова Р.А. Оның басшылығымен   бөлімше ұжымы  облыс тұрғындарының  денсаулығын  жақсарту бағытында аянбай  еңбек  етуде. Нәтижесінде   жылдан жылға    бөлімше жұмысының көрсеткіштері  жақсарып келеді.

Қазіргі таңда бөлімшеде келесі дәрігерлер жұмыс істейді: бөлімше меңгерушісі: Қошқарова Р.А. – жоғары санатты гинеколог-дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі; ординатор-дәрігерлер: Қалжанова К.С. – жоғары санатты гинеколог-дәрігер,  «Алтын дәрігер» медалінің иегері;  Шаюнусова С.А. – жоғары санатты гинеколог-дәрігер;  Мусаева Д.Б.- жоғары санатты гинеколог-дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі; Абдрахманова М.О. –  жоғары санатты гинеколог-дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі;  Муратбаева Р.И. – жоғары санатты гинеколог-дәрігер;  Гатина Н.З. –  жоғары санатты гинеколог-дәрігер;  Баймаханов Ш.М. – жоғары санатты гинеколог-дәрігер; Халықов С.М. – бірінші санатты гинеколог-дәрігер; Асембай С.А. – бірінші санатты гинеколог-дәрігер;  Рахымбердиева М.Н. – бірінші санатты гинеколог-дәрігер;  Мамбетова Г.А. – бірінші санатты гинеколог-дәрігер;  Алиева Ж.С. – екінші санатты гинеколог-дәрігер;  Күлбаева К.М.  – гинеколог-дәрігер.

Гинекология бөлімшесі емдеу және диагностикалауда  ғана емес, озық тәжірибені  жастарға  үйрету, оларды  тәрбиелеу және   тәлімгерлік мәселелерінде  де  ең үздік дәстүрлерді ұстанушы және жалғастырушы болып табылады.