Гепатиттің алдын алу айлығы
12.08.2022 ж. ҚКБА-да вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша айлықтың басталуына байланысты парентералдық инфекциялардың (ВВГ, ВНС және АИТВ инфекциясы) алдын алу бойынша медицина қызметкерлеріне оқыту жүргізілді. Медицина қызметкерлерінің жұмыс кезінде жұқтырудың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу, көп рет қолданылатын құралдарды өңдеу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.