FESS-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ РИНОХИРУРГИЯ

ЖОӘДСБ қалалық көпбейінді ауруханасының базасында KARL STORZ фирмасының жаңа эндоскопиялық тірегінде операциялар жүргізіледі.

Мұрын мен параназальды синустың функционалды эндоскопиялық хирургиясы (Халықаралық атауы FESS – functional endoscopic sinus surgery) — бұл арнайы микроқұралдардың көмегімен және арнайы үлкейткіш эндоскопиялық оптиканың бақылауымен мұрын қуысына минималды инвазивті араласу арқылы ЛОР ауруларын хирургиялық емдеудің заманауи әдісі.

«ФУНКЦИОНАЛДЫ (FESS) ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Әдіс атауындағы “функционалды” деген сөз – мұрын жанындағы қойнауларға арналған эндоскопиялық хирургиясы шырышты қабықтың қалыпты жұмысын барынша сақтауға және қалпына келтіру үшін жүргізілетінін білдіреді. Осылайша, мұрынның тыныс алуын, ауаның ылғалдануын, шырыштың ағып кетуін және мұрын қуысында жергілікті иммунитеттің жұмысын реттеуге болады.

ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ:

Септопластика-мұрын қалқасының қисаюын жою үшін жасалатын эндоскопиялық ота.

Вазотомия-бұл вазомоторлы ринитпен күресте тұрақты оң нәтиже беретін эндоскопиялық ота.

Полипотомия-бұл эндоскоптың көмегімен полиптерді тез және қауіпсіз алып тастау отасы.

Полисинусотомия-бұл мұрынның қосалқы қуыстарына жасалатын эндоскопиялық ота.

Микрогайморотомия-бұл созылмалы гайморитты хирургиялық емдеу әдісі, 80% жағдайда жоғарғы жақсүйек қойнауында бөтен дененің (полип, пломба) болуымен байланысты.

Тонзилэктомия-бұл таңдай бездерін толығымен алып тастау отасы. Созылмалы тонзиллиттің ауыр түрлерінде, іріңді асқынуларда, жұтылу мен тыныс алудың бұзылуында көрсетілген.

Біздің ауруханамызда бұл операцияларды: Туленбаев Қанат Абильдаевич, Байрамов Шахлар Бахыш-Оглы, Хидиров Латиф Мироевич, Ширимбаев Ерхан Алибекович ЛОР дәрігерлері жүргізеді.