Ауруханада Балалар күніне орай мерекелік концерт өтті.
Қалалық көп бейінді ауруханасында 1 маусым – балалар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табысталды. Мерекелік концерттен кейін, “Қазақстан – менің Отаным” атты асфальтқа сурет салу жарысы өтіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.