АНАШЫМ, БІЗ СІЗДІ ҮЙДЕ КҮТЕМІЗ!

Дәрігерлердің жұмысы көбінесе бала кезінен белгілі “Шалқан” ертегісіне ұқсайды. Ауыр науқас ауруханаға түскен кезде оған тек мамандар тобы ғана көмектесе алады және олардың қаншалықты сауатты және тату-тәтті жұмыс істейтініне куә боласың.

Жамбыл облысы Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық блогында коронавирустық инфекция ағымы өте ауыр тағы бір жүкті әйел емделіп шықты. Ол 2022  жылдың 25-қаңтарында ауыр халде, ПТР оң нәтижесімен, өкпенің 80% – дан астамының зақымдануымен ауруханаға түскен болатын. Сондай-ақ, жүктіліктің ауыр асқынулары, созылмалы аурулары да болды. 27 қаңтарда босанды, бірақ инфекцияның өте ауыр ағымына байланысты жағдайы нашарлай берді, өкпенің зақымдануы 96%-ға дейін өсті. Әйелге өкпені жасанды желдету және экстракорпоралды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппараттары қосылды. Қан кету, басқа асқынулардың дамуы байқалды. Табысқа жету мүмкіндігі аз болды.

Дәрігерлердің мультидисциплинарлық командасының ұйымшыл, сауатты жұмысының, орта және кіші медицина қызметкерлерінің қамқорлығы мен күтімінің, дәрігерлердің жауапкершілігі мен назарына, әр минут сайын көмекке келуге дайындығының арқасында ғана жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды, ауру сейілді. Ұжымның еңбегін дұрыс ұйымдастыру, аурухананың 100% жарақтандырылуы, бірінші талап бойынша қажеттінің барлығын ұсыну – осының барлығы қалалық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Н.Ш. Әбілдаевтың еңбегі деп білеміз. Жалпы бақылауды, Ұлттық Шұғыл Медицинаны Үйлестіру орталығының сараптама тобымен консилиумдарды ұйымдастыруды ЖОӘДСБ басшысының орынбасары К. Ә. Сағынғалиева жүзеге асырып отырды.

Алда әлі қалпына оңалту, қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр, бастысы, қорқынышты кезең артта қалды. Үйде отбасы сүйікті анасын асыға күтуде.

 

“Қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық аурулар блогының медициналық қызметкерлеріне үлкен ықыласпен ризашылығымды білдіремін.  Ағымдағы жылдың қаңтар айында осы ауруханаға жүктілік кезеңінде және ауыр жағдайда “Ковид ” 96%, екі жақты пневмония, өкпенің 96 % зақымдануы” диагнозымен түскен болатынсын.       Ал қазір, ауруханаданшыққаннан кейін,  үйде, медициналық көмек көрсету бойынша барлық жұмыстың қаншалықты сауатты және кәсіби қойылғанына алғыс айтқым келеді. Бұл ұжым – Айман Кенжебекқызы Бекебаеваның ілтипатты және сауатты басшылығымен бір команда. Мен күндіз-түні қасымда болған дәрігерлерге алғыс айтқым келеді. Олар: инфекционист-Пак Елена Афанасьевна, гинеколог-Туребаева Зухра Даулетбековна, реаниматологтар -Абдраимов Абдулла Садыкович, Джурабаев Досымжан Туйчибаевич, Алибеков Алмас Алибекович, Нарбаев Даурен Ануарбек

ович, Сейтжанов Асхат Сламбекұлы, Нысанбаев Есен Қалдыбекұлы, Әбдіғалиев Айдарбек Мұхтарбекұлы, пульмонолог- Мухаметкалиева Нұрсұлу Габдуловна.

Барлық қызметкерлер өз міндеттерін дәл,нақты орындайды, өте мейірімді, жігерлі, “шұғыл қоңырау” батырмасына бірден жауап береді, бірі дәрі тамызғышпен, екіншісі талдау жинаумен, басқалары инъекциялармен жүгіріп жүріп, жанымды аман алып қалды. Осындай “қозғалысты” көргенде-жаныңда тыныштық орнайды, өйткені сенің денсаулығыңды емдеудің табысты болуы үшін қажеттінің барлығын жасайтын медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында екенін түсінесің. Өкінішке орай, мен дәрігерлердің жүздерін көрмедім, өйткені мен оларды күн сайын арнайы киім мен бетперде киіп, тек костюмдердегі есімдерін көрдім, бірақ мен олардың қамқорлығы мен назарын әрдайым сезіндім.

Ерекше алғысымды –Хаби Қали, Айгожаева Зарина, Акипова Ілияс, Амангелдина Қаракөз,

 

Жақаева Бағдатқабілдіремін. Олардың көмегі, жақсы күтімі мен қолдауы үшін, отбасыма қайта оралуыма себепші болғандары үшін, екінші өмір сыйлағандары үшін ерекше рахмет. Бұл есімдері бас әріппен жазылған нағыз және шынайы дәрігерлер, олар берген Гиппократ антын бір минутқа да ұмытпайды.

Тағы да көп рахмет!!!!!!!” деп, – пациент аурухана ұжымына осындай алғыс сөздерін жазды.

Дәрігерлердің өмірі өзінің ерекше ырғағымен өтеді: науқастарды қабылдау, тексеру, диагноз, консилиумдар, қиын шешімдер және әр минут сайын, тіпті бос уақытында да үлкен жауапкершілік. Бірақ бұл Ақ халаттағы абзал жандардың саналы таңдауы-өзін Халыққа қызмет етуге арнау. Күн сайын жұмысқа келіп, науқастарға көмек көрсетуге асығып, олардың көздеріне қарап, жұбату және жігерлендіру. Аурудың ауырлығы неде екенін туыстарына түсіндіріп, олардың көздерінен үміт пен сенімді көру.

 

Өмір әуені.