академик Н.Д. Батпенов атындағы ҰҒТО қызметкерлері Жамбыл облысы травматолог-ортопедтеріне шеберлік сабағы

Таразға келген академик Н.Д. Батпенов атындағы ҰҒТО қызметкерлері Жамбыл облысы травматолог-ортопедтеріне шеберлік сабағын өткізген болатын.
Осы уақытта 1987 жылы туылған пациент 6- кеуде омыртқасының агрессивті дене гемангиомасы диагнозымен қалалық көпсалалы ауруханасында ем қабылдап жатқан. Осы кезде одан жедел ауырсыну синдромы байқалып, ол өзін жайсыз сезініп, жағдайы бір сәтте ауырлай бастаған.
Дәрігерлердің медициналық консилиумынан кейін омыртқаның Тн6 денесіне вертебропластика отасы жасалу туралы шешім шығарылды. Нейрохирургтар атап өткендей, операциядан кейінгі кезеңде ауырсыну синдромы регрессияға ұшырады.
– Гемангиома – бұл омыртқа денесінің тамырлы түзілуі, соның салдарынан пациенттерде айқын ауырсыну синдромы және омыртқаны ең аз жарақатпен де сындыру мүмкіндігі байқалады. Вертебропластика – омыртқаны тұрақтандыру және ауырсыну синдромын жою үшін омыртқаны “сүйек цементімен” нығайтудан тұрады. Әдіс аз жарақаттанған жағдайда, денені жансыздандыруды қажет етпейді, жоғары тиімділікпен сипатталады. Операциядан кейін науқастың қатты ауырғаны басылады, әл – ауқаты жақсарады, – деп атап өтті Астана қ. Травматология және ортопедия ҒЗИ нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі PhD Мұрат Өмірханұлы Байдарбеков.
Бүгінгі күні науқас өз аяғымен жүріп жүр. Оны алдағы уақытта амбулаторлық емделуге жіберу жоспарлануда.
– Мұндай операциялар біздің клиникада жүргізіледі. Бұл науқаста техникалық жағынан қиын гемангиома болды, – деп бөлісті қалалық көп бейінді ауруханасы нейрохирургиялық бөлімшесі меңгерушісінің м.а. Нұржан Әзімханұлы Әйтімбетов.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.