Абайлаңыз көктайғақ!!!
Абайлаңыз көктайғақ!!!
Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына көктайғақ салдарынан түрлі жарақат алған 100-ден астам адам келуде. Көбінесе қол-аяқтарының әртүрлі сынықтарымен ауруханаға жүгінген. Оның ішінде 11 азамат бөлімшеге жатқызылды, яғни омыртқаның сынуы, бас миының көгеруімен жүгінгендер нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылған. Травматологиялық бөлімшеге иық мойнының жабық сынуы, иықтың төменгі үштен бір бөлігінің сынуы, жамбас ұршығының сынуы сияқты диагноздарымен түскен пациенттер хирургиялық емдеуді қажет етеді.
Осыған орай Жамбыл облысы мен Тараз қаласының тұрғындарына келесі ұсыныстарды орындауды ұсынамыз:
1. Ауа-райы болжамын қарап, маршрутты алдын ала жоспарлау. 0-3 градусқа дейінгі температурада көктайғақтың пайда болу қаупі артады.
2. Арнайы табаны бар ыңғайлы және қауіпсіз аяқ киімді таңдау.
3. Егде жастағы адамдарға қосымша тіректерді, скандинавиялық таяқтарды, пайдалану. Тізе бүгілген күйде қозғалу.
4. Құлаған жағдайда, тепе-теңдікті тез қалпына келтіру үшін қозғалуға ыңғайлы болуға қолдардың еркін қозғалысы қажет.
Қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері біздің халыққа білікті медициналық көмек көрсетуге әрқашан дайын. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
ҚКБА әкімшілігі.