Тізе буынының артроскопиясы
Пациент Б. қарапайым қозғалыстарды орындау кезіндегі шектеулер, атап айтқанда (орындықтан тұру, еңкейу, баспалдаққа көтерілу сияқты сол жақ аяқтың тізе буынындағы ауырсынуына шағым жасап түскен болатын. Бұл шағымдар пациентті үш ай бойы мазалаған. Тізе буынындағы ауырсынудың күшеюіне байланысты қалалық көпбейінді ауруханаға көмек сұрап жүгінген, травматолог дәрігерімен қаралып, тізе буынының МРТ жасалды. Науқас жоспарлы түрде ҚКБА травматология бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні науқасқа артроскопиялық тіректі қолдана отырып, “тізе буынының артроскопиясы” отасы жасалды. Ота сәтті өтті. Жарақат алғаннан кейін жоғалған функциялар қалпына келтірілді. Науқас қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Заманауи медициналық технологиялардың дамуы арқасында буындарды қалпына келтіру операциялары өте қарапайым болуда. Жылына ҚКБА травматология бөлімінде зақымдалған буынды қалпына келтіру бойынша екі жүзге жуық ота жасалады, өз кезегінде бұл пациенттерге қуаныш сыйлап, қозғалыс еркіндігін қайтарады.